Майталман маман, тракторшы келіншек

Майталман маман, тракторшы келіншек
ашық дереккөз
Майталман маман, тракторшы келіншек
ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДА БЕЛСЕНДІ, ІСКЕР, ЖАН- ЖАҚТЫ БОЛҒАНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ. ОНДАЙ ҮЛГІЛІ ЖАС ШАҢЫРАҚ ИЕЛЕРІ АУЫЛДАРДА ДА АЗ ЕМЕС. СОНДАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАҢЫРАҚ ДЕП МАЙТӨБЕЛІК НҰРЖАН СЕЙСЕНБЕКҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫН АТАУҒА БОЛАДЫ. Отағасы Нұржан Сейсенбекұлы қырықтың қырқасына енді шыққан азамат. Нұржанды майтөбеліктер еңбекқор жігіт ретінде ерекше бағалайды. Ол – өзі егінші, өзі мал шаруашылығын да дамытып отыр. Одан бөлек, тракторымен ауылдың шаруа қожалықтарына қажетті жұмыстарда жауапкершілігімен көзге түсіп жүр. Әкесі Сейсенбек ауылдық округке әкім болған, белсенді кісі. Сол асыл әкенің бойындағы батылдық, талапшылдық, өзін ынталандыру Нұржанда да бар. Ауылда жүріп «ДЖИП» көлігін мінетіндер көп емес. Соның бірі – еңбек майталманы Нұржан. Майтөбенің әр үйіне Нұржанның көмегі қажет. Көк тракторымен талай шаруа қожалықтың жерін жыртып, алғысын арқалайды. Жары Айткүл Бубеева екеуі жеті ұл-қызды жеткізіп, тәрбие беріп отыр. Отанасы Айткүлдің де тілегі осы шаңырақтың өркендеуі. Барған жеріне бақыт сыйлаймын деп жүрген жас келін тілегіне жеткендей. Енесінің алдын кесіп өтпейді. Қазіргі таңда «Алтын алқа» иегері болып отырған Айткүл келін өзі де трактор айдап, алқапта шөп тайлай береді. Нұржанның Үмбетәлі, Диляна деген ұл-қыздары ата-анасына қолқабыс етуге жарап қалды. Ал, Нұртілеп, Жансая, Айару – мектепте оқу озаттары. Жаннұр мен Нұрәлі де осы үйдің сәніне айналып отыр. Мұндай үлгілі келіндер ауылда көп емес. Майтөбелік жаңа түскен келіндер Айткүл абысындарының жолын үлгі тұтады.  

Есет ДОСАЛЫ

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар