Медицина майталмандары бас қосты
Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этно-мәдени орталығында орналасқан Достық үйінде облыстық көпбейінді аурухананың 150 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова алғаш сөз кезегін алып, медицина саласында елеулі еңбек еткен сала мамандарын құттықтап, жиынға қатысушыларды алда тұрған перспективалармен таныстырды. Атап айтқанда, біріншіден, өңірлік деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша жаңа инновациялық технологиялар көрсету спектрін ұлғайту.
Екіншіден, асқынуларды азайту үшін хирургиялық араласудың минималды инвазивті әдістерінің үлес салмағын арттыру.
Үшіншіден, стационарлық қызмет мамандарын жетекші клиникаларда, оның ішінде шетелде оқыту.
«Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту перспективалары» жайлы көпбейінді аурухананың бас дәрігері Марат Жұманқұлов ақпарат беріп өтті. Конференцияда ота жасау сәтінен тікелей көрсетілім жасалып, жас мамандарға тәжірибе жинақтауға айтарлықтай мүмкіндік болды.
Бұл күні конференция қонақтары «Қазақ хандығына – 550 жыл» ескерткіші, Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелерін аралап, экскурсиялық саяхат жасады.
Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




