Шыңғыс КЕНЖАЛИЕВ, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жас қалам» үйірмесінің жетекшісі. Дипломды сатып алған маман
Мың доллар айлық ап шалқып жүр. Дипломды оқып алған маман Жұмыс таппай қаңғып жүр.
* * * Құбыр орнатты ауылға, Басшылар бастап жаппай бір. Бірнеше жыл болса да, Ауыз су әлі ақпай тұр.
* * * Баласы үйіне ішіп келіп, Көңіл-күйі түсіп келіп, Ағасын шапалақпен салып қалды, Оны көріп анасы талып қалды. О, бастағы босаң тәрбие, Осындайға алып барды.
* * * Жүргендер көп әнші боп, Аузы бар да даусы жоқ.
* * * – Сенің көкең қайда жүр? Деп сұрадым айқайлап. – Менің көкем әне, отыр, Арақ ішіп, карта ойнап.
* * * Әпшүкір кітап шығарды, Қаражат тауып бір күнде. Көрсетіп жүр онысын, Олай-бұлай жүргенде.
Көпіріп кеп мақтады, Шығып алып мінбеге. Парақтап ішін қарасаң, Қиқы-сиқы бірдеңе.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




