Кеше ауылда бір той болып еді,
Кәрі-жасқа үй маңы толып еді. Тойда небір жақсы тілектер айтылды, Жастар шараппен, Жасамыстар арақпен қамтылды.
Ал, содан кеп, әйдә ішу басталды, Тондылар түгел мас болды. Соңында бата беру үшін бір қызу Ортаға жинады жастарды.
Шалбарының ышқырын көтеріп қойып, Насыбайын шырт еткізіп түкіріп қойып. – Оу, қарақтарым, Көбейе берсін арақтарың. Біз сияқты ақылгөй ағаларыңды Желеп-жебеп жүрсін Жаратқаным.
Ал енді, әрдайым жүріңдер Туған айдай жарқылдап, Көтерем аттай қалтылдап. Нақыл бізден, ақыл жастан болсын, Бастарыңда тақия, бұттарыңда штан болсын, – деп шатып-бұтып бата берді.
Әлгі ағайды тыңдап жастар сасып қалды, Бала-шаға ауыздарын ашып қалды. Ал, келіндері ұялып, беттерін басып қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




