Баспасөздің беделі бәріне ортақ
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты», – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, басылымдардың орны қай кезде де жоғары. Біздің өңірде де газет-журналдар оқырмандар алдындағы міндеттерін лайықты атқарып келеді. Баспасөздің беделі таралымының көптігімен артады. Қазіргі таңда газет-журналға жазылу көңіл көншітпегенмен, журналистер қауымының белсенділігі төмендеген жоқ. Әсіресе, «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиалымен байланыс нығайып отыр. Аталған мекемеде баспасөзге жазылушылар және пошта күніне орай, өңірлік БАҚ басшыларының және республикалық басылымдардың облыстағы меншікті тілшілерінің қатысуымен іс- шара өтті. Филиал директоры Бекжігіт Бекбердиев жиналғандарды баспасөзге жазылушылар күнімен және дүниежүзілік пошта күнімен құттықтады. «Газет-журналдарға жазылу, оларды оқырманға уақтылы жеткізу қызметтерін біздің мамандарымыз мүмкіндіктерінше атқарып келеді. Елімізде жазылушылар күнін жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Бұл – оқырманның мерекесі. Ал, бүгінгі басқосудың да жөні бөлек. Биылғы жазылым кезінде өңірдегі газет-журналдардың көп таралымға ие болуына тілектеспін», – деді ол.
Мұнан соң облыстық «Ғұмыр-дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов бүгінгі баспасөзге шынайы жанашырлықтың жетпей тұрғанын айтса, республикалық «Салық тәртібі» газетінің бас редакторы Ғалым Қасабай мұндай маңызды жиындарға тиісті департамент пен басқармалардың басшылары қатысса, жауаптылардың алдында өзекті мәселелер ашық айтылса деген ойын ортаға салды.
Облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы Татьяна Борисенко, облыстық «Ar-Аi» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбек жазылым барысының күрделі және қиын тұстарына тоқталды. Жалпыұлттық «Egemen Qazaqstan» газетінің облысымыздағы тілшісі Табиғат Абаилдаев баспасөздерге жанашырлық көзқарас керектігін айта келіп, әр білім ошағы он газеттен жазылса да, 4 мың данадан астам жазылымға қол жеткізуге болатынын айтты.
Жиын барысында журналистер Шапағат Әбдір мен Жұматай Көксубай баспасөзге жазылу бағытында жырларын оқыды. Баспасөз және пошта қызметкерлерінің құрметіне Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі Арайлым Рүстемқызы әннен шашу шашты.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді