«Жаңа қазақ» атанған үш жігіт Қазақстанның барлық жерін аралап, енді шетелге демалуға барады. 90 қабатты қонақ үйдің ең жоғарғысына орналасқан олар күнде қыдырыстап, кешке қонуға бір-ақ келіп жүреді. Бір күні әдеттегіден кешігіңкіреп түнде оралса, лифт жабық. Сөйтсе, ол түнгі сағат 12-ден кейін істемейді екен. Содан баспалдақпен көтерілуге тура келеді. Жолды қысқарту үшін әр 30 қабатқа жеткенше біреуі әңгіме айтатын болып келіседі. Бірінші жігіттің күлдіргі, көңілді әңгімелерінің әсерінен 30-қабатқа қалай жетіп қалғандарын да байқамай қалады. Келесі жігіттің айтқандары салқынқанды, ауырлау болады, 60-қабатқа қиналыңқырап жетеді. Ал үшінші жігіттің әңгімесі үрей туғызатын қорқынышты болып шығады. Тоқсаныншы қабатқа қиналып, әупірімдеп әрең дегенде көтеріледі. Жанындағы жолдастары: «Өте қорқынышты жағдайларды айттың ғой» – десе, ол: «Бұдан да қорқыныштысын айтайын, бөлменің кілті төменде – бірінші қабатта қалып кетіпті» – депті.
Алдаберді Меңлібайұлы, зейнеткер.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




