Жайылма кеңшарында екі қаракөл, бір ірі қара малы және ет малын дайындайтын ферма болды. Жандыбаев Зәмкен ағамыз ірі қара мал фермасының меңгерушісі. Ұлы Отан соғысының ардагері, жарымжан, отбасылы. Ірі қара малымен қоса, бір отар асыл тұқымды ешкісі бар. Қыс айларының бірінде ірі қара мал фермасында ешкі шығыны көп болып, айлық есепті қорытындылаған шаруашылық басшысы Сапар Төлегенов Зәмкен ағаға: – Зәке, қора-қопсы бар, жемшөп жеткілікті. Барлық жағдай жасалынған. Не себепті мал шығынына жол бердіңіз? Қандай жағдай болды? Жауап беріңізші? – дейді. – Сапеке, жағдайымыз жақсы. Малшының ұяты бар, өз жұмысына ықтиятты. Күнделікті малдың астын тазалап, жем-шөбін уақтылы береді. Ешкілері қоңды, шетінен соя беруге жарайды. Тек құдықтың мұздай суын ішіп, семіз болуынан бүйрек майлары қатып, кейбіреулері шығынға ұшырады. Енді суды жылытып беруді қолға алып жатырмыз, – деген екен Зәмкен аға.
Кәрібоз Түсіпбаев.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




