«Ұлы дала» шағын ауданында жол құрылысы басталды
«Ұлы дала» шағын ауданының тұрғындарын жол мәселесі көптен бері мазалап келген болатын. Жуырда аталған ауданға ат басын бұрған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жол мәселесіне баса мән беріп, бірқатар тапсырмалар жүктеген еді.
Бүгін 15 мөлтек ауданындағы бесінші көшеге асфальт төсеу жұмыстары басталды.
Жалпы, шағынаудандағы құрылыс жұмыстары жүретін жолдың ұзындығы 6 шақырым 620 метрді құрайды. Мердігер мекеме – «B grass» ЖШС. Техникалық қадағалаушысы – «КЦУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазір құрылыс басында жиырмаға жуық техника, отыздан аса жұмысшы еңбек етуде. Ал жобада көрсетілген 2, 3, 4 көшелерде жол негіздемесі дайындалуда.
Айта кетейік, аталған шағын ауданда жол құрылысы бірер ай бұрын басталу керек еді. Алайда, мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз болып таңылған алғашқы мердігер тиісті талаптарды орындамағандықтан келісімшарт бұзылды. Заң талаптары аясында екінші жеңімпаз болған «B grass» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Сол себепті аталмыш ауданда жол жөндеу жұмыстары кешеуілдеді.
Еске сала кетейік, жақын күндері шағын аудандағы қалған көшелерге де асфальт жабындысы төселетін болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




