Жайылма кеңшары №1 фермасының ауру-сырқау, қоңы төмен мал мен кенже туған төлдерді бағатын пункті жайылымы құнарлы, суаты қасында «Ақши» деген жерде орналасқан. Мал дәрігері күнделікті қойшыларды жағалап, ақсақ-тоқсақ, өкпе, айналма болған малды ауру түрлеріне қарай топтастырып жинап әкеліп, арнайы ақыр-астауларымен жабдықталған бөлмелерде бақтырады. Жылы қора ашық алаңдармен, құнарлы жем-шөппен толық қамтамасыз етілген. Әр айдың аяғында бөлімше меңгерушісі малшымен мал есебін жүргізіп отырады. Нашар, ауру малды бағатын Ақытай деген жігіт болатын. Бір айда мал шығыны едәуір болып, кеңшардың мал дәрігері Байқоңыр: – Ақытай, барлық жағдай жасалған, жоңышқа дейсің бе, шөбі дейсің бе – бәрі бар. Ширатпа жем тағы бар. Мұншама мал шығыны болғаны қалай? – десе, Ақытай басын сипап, төмен қарап тұрып: – Бай-еке, «айы біткен айында, күні біткен күнінде», деген емес пе? Демі бітсе, осылай кете барады» деген екен.
Кәрібоз Түсіпбаев.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




