«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛЫНДА

ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛЫНДА
ашық дереккөз
ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛЫНДА
Таджибаева23.12.14_1«Біздің халқымыздың ғасырлар бойғы тарихында тұңғыш рет, қазақтың байырғыдан бауыр басқан жерінде ха­лықаралық абсолютті заңдылыққа ие мемлекет орнады. Айта кетуге тиіспін, танылған мемлекеттік егемендік – бұл кез келген халықтың орасан зор әрі аса қымбат ресурсы» деп Елбасымыз жарқын келешек үшін ел бірлігін сақтау, Тәуелсіздіктің қадірін ерекше бағалай білу, толерантты болу сияқты маңызды құндылықтарды жас ұрпаққа аманат етуінде үлкен мән жатыр. Өйткені, ұлт болу үшін, елдігімізді сақтау, жерімізге ие болып қалу, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді сақтап қалу үшін бүгінгі жастарға жан-жақты тәрбие берілуі керек. Ұлт болашағы – жастар, бүгінгі өскелең ұрпақ. Сондықтан дұрыс тәрбиемен сусындаған, ұлтжанды, сонымен қатар басқа ұлт өкілдеріне сыйластықпен қарайтын, парасатты, жан-жақты, білімді ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың басты парызымыз. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» да осы бағытты басты бағдары ете отырып, жұмыс істеуде. Нақтырақ тоқталар болсақ, институттың «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен жыл ішінде Тараз қалалық «Техникалық шығармашылық орталығында», Н.Тілендиев атындағы музыка мектебінде, Т.Рысқұлов ауданындағы №1 лицейде, өзге де бірқатар білім ошақтарында «Оқу-тәрбие үрдісінде белсенді оқыту стратегияларын қолдану»  тақырыбында  қалалық және аудандық семинарлар өткізілді. Біліктілікті арттыру іс-шараларына шығармашылық орталықтың оқытушылары, мектеп мұғалімдері және оқушылар көптеп қатысты. Мұнда мұғалімдер мен оқушыларды белсенді оқыту стратегияларымен таныстырып, пәнді терең түсіну қабілетін дамыту басты назарда болды. Семинарлар барысында ұйымдстырылған түрлі тренингтер, шебер-сынып сабақтарының қолданылу ережелері, «Арттерапия», «Аукцион», «Цитотомер», «Ребус» әдіс-тәсілдеріне қатысушылар зор қызығушылық танытты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Алдағы жылы да осы қарқында, заманауи білім берудің қыр-сырымен таныстырып, білімді де білікті ұрпақ тәрбиесіне атсалыса бермекпіз.   Айман БАТЫРБАЕВА, Аманкүл ЕСМЫРЗАЕВА, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» аға оқытушылары.      

Ұқсас жаңалықтар