Құқық
Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерін Қарттар күнімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 3 қазан, 2023
- 449

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерін Қарттар күнімен құттықтады
Халықаралық Қарттар күніне орай жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Бұл күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов ардегер Қайрат Масатбаевтың үйіне бас сұқты. Жылы жүздесуде Жәнібек Жамалбекұлы әрбір ардагердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері сондай-ақ тәлім-тәрбиелері бүгінгі жастарға қашанда үлгі болып қала беретінін атап өтті. – Ең алдымен, Сізді мерейлі мерекеңізбен құттықтаймыз. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз бүгінгі жас қызметкерлерге қашанда үлгі. Себебі, Сіздер егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қостыңыздар. Бүгінгі күнге дейін талай жасты тәрбиелеп, лайықты ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Ал, қазір бейнеттің зейнетін көріп отырған осынау шақта да тәжірибелеріңізді бөлісуден шаршамай келесіздер. Қазыналы қариямыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер, - деді Ж.Қосжанов.
Айта кетейік, сала ардагері Қайрат Сабырұлы ҚАЖ саласында 32 жыл қызмет еткен майталман маман. Он жыл бұрын зейнетке шыққан саналы ғұмырын яғни, 18 жасынан бастап 54 жасына дейін қоғам тыныштығын күзетуге арнаған. Бүгінде Қайрат Масатбаев ұл-қыздарынан бірнеше немере сүйіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді