Жалған ақпарат жарға жығады
Кез келген ақпаратты оқып, ой елегінен өткізетін адамдардың көбі мәліметтің рас-өтірігін ажырата алмай жататыны жасырын емес. Әсіресе, апатты және төтенше жағдайлар уағында, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар лезде көптеп тарайды. Яғни, арандатушылар «бүйірден ұрар» сәтті күтіп, дайын отыратын секілді. Қазақ халқы «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды» деп, ақпараттың таралу ауқымын мақал қылып айтып кеткендей. Қазіргі дамыған технология заманында айтылған ақпарат отыз рулы ел былай тұрсын, тұтас Қазақстанды шарлап, әлемді әбігерге салады. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде жас та, кәрі де елде не болып жатқанын күндіз-түні аса қырағылықпен бақылап отыратыны рас. Қазақст анның заңнамасына сәйкес, фейк ақпарат таратқандар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазаланады. Әйткенмен, көпшілік мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетінінен бейхабар сынды. Сонымен, жа лған ақпар т аратушылар қандай жазаға кесілетінін анықтап көрсек. Елімізде жалған ақпарат таратқаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырса екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Естеріңізде болса, WhatsApp ме ссенджерінде «балаларға мектеп, дүкен, көшелерде белгісіз біреулер есірткі қосылған конфет таратып жатыр, соның әсерінен балалар уланып, ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатыр» деген аудиохабарлама тараған.
Нақты мәтіні осындай еді: «Әсем, сәлем, қалайсың? Мына конфеттерді балаларыңа көрсет, қазір бүкіл балаға осы конфеттер тегін таратылып жатыр. Танымайтын адамнан, мектеп маңайында, жолда, дүкен жақта ешкімнен алмасын. Оларға есірткі қосылған, балалар уланып, ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатқандар бар дейді. Көкшетауда қайтыс болды, Қостанайда да осындай жағдай орын алған. Соның бәрі осы конфеттен, балаларыңа көрсет, көрсін, алмасын». Алайда, бұл – жалған ақпарат. Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқан азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан.
Таразда телеарна мәліметінше, екі оқушы «10 миллион теңге алмасақ мектепті жарып жібереміз» деп түнгі уақытта облыстық білім басқармасының Telegram-ботына хабарлама қа лдырған. Қа ладағы №51 мектепте жарылыс болуы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін барлық құзырлы орган мектептің жан-жағын жіті тексерген. Ақыры ештеңе табылмаған. Артынша 8-сыныптың екі оқушысы сабақты болдырмау үшін осындай әрекетке барғаны анықталған. Оқушылар жалған хабарлама таратқанын мойындаған. Енді осы үшін олардың ата-анасы жауапқа тартылып, 17 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Сонымен қатар, елімізде діни экстремизмді, этнос аралық алауыздықты тудыруда интернеттің айтарлықтай ықпалы өсті. Яғни, әлеуметтік желілерде ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарды өршіту белең алуда. Бір өкініштісі, әлеуметтік желіге кірген ел тұрғындары өздерінің саяси, діни сауатсыздықтарының салдарынан желіде мақсатты түрде жалған немесе бұрмаланған ақпараттар таратып немесе халықты әдейі арандатып отырған адамдарды қолдап, қолпаштап, «лайк» басып, астына «тисе терекке, тимесе бұтаққа» пікір жазып, теріс қоғамдық пікір тудыруға үлес қосып отыр. Яғни, ел ішін ала тайдай бұзғысы келген жалған ақпараттардың таралуына және бүгінгі қазақтың қырықпышақ болып әлеуметтік желіде дауласуына интернеттің ықпалы зор.
Былтыр шілде айында Тараз қалалық полиция басқармасының жедел бақылау орталығына белгісіз тұлға «33 жастағы азаматшаның Меркі шипажайына сөмкесіне жарылғыш заттар салып бара жатқаны» туралы хабарлаған. Оқиға орнына жедел түрде жеткен аудандық полиция қызметкерлерімен аумақты тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат және күдікті азаматша анықталмаған. Меркі аудандық полиция бөлімі және ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерiнiң жедел iздестiру шара ларының нәтиже сінде террорлық әрекет туралы көрiнеу жалған ақпарат берген 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған болатын. Қорыта айтқанда, жалған ақпарат тарату адамға абырой әпермейтін тірлік. Қазақтың «Өтірік өрге баспайды» деген нақылы еске оралып отыр. Яғни, кім, қандай жағдайда ақпарат таратса да оның түбінде ашылары сөзсіз. Ойымызды түйіндер болсақ, елді дүрліктіріп, жалған ақпарат таратпай бір- бірімізге тілеулес болып жүргенге не жетсін?!
Ғайникен РАЙЫМБЕКОВА.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді