«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қылмыс хроникасы

Қылмыс хроникасы
ашық дереккөз
Қылмыс хроникасы
ПОЛИЦЕЙЛЕР ШЕТЕЛДІК «ЖАЛҒАН ТЕРРОРИСТІ» ҰСТАДЫ Полицияның «102» пультіне белгісіз тұлғадан Астана-Санкт-Петербург бағытындағы әуе рейсі миналанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарламаны тексеру үшін дереу шұғыл қызметтер жұмылдырылып, бортты тексеру жүргізілген. Нәтижесінде қандай да бір жарылғыш құрылғылар табылмаған. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты. Сөзінше, жедел- іздестіру шараларын жүргізу барысында көлік полицейлері 36 жастағы шетелдік азаматты ұстаған. Бүгінде аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қаскүнем өз кінәсін мойындады. Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Айта кетейік, Қылмыстық Кодекстің 273-бабы яғни, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықты көздейді.   170 ТОННАДАН АСТАМ ЖАБАЙЫ ҚАРАСОРА ЖОЙЫЛДЫ 1 маусымнан бастап елімізде кең ауқымды республикалық «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатқаны белгілі. 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында өңірлік полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс- қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрамында жабайы өсетін каннабисті жою жөнінде іс-шаралар өткізді. Жалпы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығы техникасын пайдалана отырып, 188 гектар құм алдындағы аумақтағы жабайы қарасораны шабу және өртеу арқылы 170 тонна 628 килограмм қарасора тұқымдас өсімдіктерін жойған.   ЖАЛҒАН ЧЕКТЕРМЕН САУДА ЖАСАҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Жуырда жамбылдық полицейлердің көмегіне азық-түлік дүкенінің иесі арызбен жүгінеді. Әйел бір ай бойы екі жігіттің тауар сатып алып, жалған төлем чектерін ұсынып тұрғаны туралы хабарлады. Құқықбұзушылар смартфондағы қосымшаны пайдаланып, алушының аты- жөні мен төлем сомасын енгізіп, дүкен шотына ақша аударылғаны туралы чектерді қолдан жасаған. Осыдан кейін жігіттер сатушыға жалған түбіртекті көрсеткен. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 110 мың теңге көлемінде. Осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыстың 19 және 20 жастағы екі тұрғынын анықтап, құрықтады. Жас жігіттер өз кінәларын толықтай мойындап, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылған.   ЖАЗАСЫН БОСТАНДЫҚТА ӨТЕП ЖҮРГЕН ЕР АДАМ ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛДЫ Қазіргі таңда пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылық пен қылмыстың қайталануының алдын алуға күш салуда. Бұл ретте пробациялық бақылауда жүргендерге жүйелі түрде тексеріс өткізілуде. Десе де, құқық қорғау қызметкерлерінің сын-ескертпелеріне құлақ аспайтындар да табылады. Мәселен, Жамбыл аудандық пробация есебінде тұрған Б есімді азамат нақ осындай қадамға барған. Нәтижесінде ол Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бұдан бөлек, Қылмыстық Кодекстің 14-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстың қайталануы танылған. Атап өту керек, Тараз қалалық №2 соттың ғимаратында Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен қайта қылмыс жасау дерегі бойынша өткен ашық сот отырысына қайта қылмыс жасауға бейім 25 жазасын өтеуші шақыртылған.  

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.

Ұқсас жаңалықтар