Экономика
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаментінің 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі
- author «Ақ жол»
- 28 қыркүйек, 2023
- 354
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаментінің 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі
Департаментпен 2023 жылдың өткен мерзімінде 48 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды,оның ішінде: тізім бойынша – 16, жоспардан тыс- 32,оның ішінде: 6 – Комитеттің тапсырмасы бойынша, 26 - заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 46 нысанда жалпы сомасы 7 322,0 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 1 401,7млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 5 920,3 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 5 342,2 млн.теңге.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 1 401,7 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 810,4 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 57,8пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 64 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 19 әкімшілік материал салу – 3,6 млн.теңге, өндірілгені – 3,6 млн.теңге, яғни орнын толтыру 100,0 пайызды құрады.
Арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 194,0 млн.теңгені құрайтын 4 материал құқық қорғау органдарына берілді.
Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан 2023 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 2 171,2 млн.теңгені құрайтын 6 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде камералдық бақылаумен 13085 мемлекеттік сатып алу қамтылды, бұл қарауға жататын 13332 мемлекеттік сатып алу санының 98,1% - ын құрайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2589 хабарлама жіберілді, оның ішінде 2523 хабарлама орындалды, бұл жіберілген хабарламалардың жалпы санының 98,9% - ын құрайды.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекттік аудит
Департаментінің басшысы М.Егембердиев
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді