Ұлағаты мол ұстаз
Ғалым да, шахтер де бас иетін мамандықты 36 жыл бойы үздіксіз атқарып келе жатқан білікті ұстаз Жанат Таубаеваның таудай жетістіктерін әріптестері жоғары бағалайды. Себебі, олар әр табыстың маңдай термен, ерен еңбекпен келетінін түсінеді. Ол бала мектеп партасында отырған күнінен болашақта ұстаз болуды армандапты. Жоғары білім алған соң, 1987 жылы қыркүйек айында Меркі ауданы, бұрынғы №4 «Большевик» атындағы орта мектебіне математика пәні мұғалімі ретінде қабылданыпты. Меркіде табаны күректей тоғыз жыл жүрді. Шәкірттері аудандық, облыстық пән олимпиадаларында жүлдегеілігіп, көзге түскен. Шәкірттері жеңіске жеткен сайын Жанат Жылқышықызының да абыройы биіктей түсті.
1996 жылы Тараз қаласына ауысқанда да ұстаздықтан алыс кеткен жоқ. Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына математика пәні мұғалімі болып қабылданып, сол қызметті әлі күнге дейін сапалы атқарып келеді. Еңбегі әр кездері облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, облыстық Кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен аталып өткен. Тараз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасына ие болған сәттерін де ұмытпайды.
2015-2016 оқу жылында қалалық пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Дилирух Касымов ІІ орын, 11-сынып оқушысы Ізбасар Жеңіс ІІІ орын иеленген. Ал, 2018- 2019 оқу жылында Нұрай Дүйсенбина қалалық пән олимпиадасынан ІІ орын, облыстан ІІІ орын олжалады. Республикалық «Шың Олимп» математикалық білім беру мен ағарту қорының «Выход есть» ойжұмбақтарды шешу конкурсында 5 оқушы жеңімпаз атанды. 2017-2018 оқу жылдарында халықаралық «Тенгри-математик» қашықтық олимпиадасында 6 оқушы жүлделі орындарды иеленіп қайтты. Мұнан бөлек, әр жылдары қалалық пән олимпиадасынан, ғылыми жоба жарыстарынан жүлде алған шәкірттері жеткілікті.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Алғыс хатына ие болса, 2015 жылы аталған министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасына ие болған 2020 жыл Жанаттың есінде жарқын сәттер болып қалатыны анық. Педагог- шебер санатының болуы – бұл ұстаздың еңбегінің көрсеткіші.
Жанат ұстаздың математика саласына терең жазылған ғылыми мақалалары республикалық «Физика-математика», «Білім әлемі» журналдарында үнемі жарияланып келеді.
Бұл күнде Жанаттың шәкірттері мыңнан асады. Олардың бәрі де сан тарапта жүрсе де, мектеп партасында есеп үйреткен апайларын ұмытпайды. Олар хабарласқан сайын Жанат ұстаздың да мерейі өседі. «Ұстаздық – ең қастерлі мамандық» дегеннің мазмұны осы болса керек.
Есет ДОСАЛЫ.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді