Басты жаңалық
Мемлекеттік тілдегі кіріс хаттар 6,14 пайызға өскен
- author «Ақ жол»
- 26 қыркүйек, 2023
- 766
Мемлекеттік тілдегі кіріс хаттар 6,14 пайызға өскен
Ата Заңымызда көрсетілгендей, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі – елімізде адам құқығы мен бостандығының сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі. Өйткені, сот беделі – мемлекет беделі. Ал, мемлекеттің бедел-абыройы қоғамның дамып гүлденуінің алғышарты. Бүгінде аудандық соттардан бастап, Жоғарғы сотқа дейін барлығы дерліктей сәулетті де, сәнді ғимараттарда орналасқан және судьялар мен сот қызметкерлеріне жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалынған. Жуырда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Думан Мәуленовтің төрағалығымен өткен жиында есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстардың нәтижесі мәлім болды. Басқосу барысында сот төрағасы Д.Мәуленов облыс орталығындағы орналасқан ауданаралық сотының жұмыс істеу ауқымы кеңеюіне байланысты Төле би көшесінен Т.Ақбозов көшесіндегі ғимаратқа ауысқандығы жөнінде жеткізді.
– Бүгінгі күнге дейін сот үкімімен 62 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс қаралды. Бұдан бөлек, 345 азаматтық іс бар. Ал, қылмыстық істер бойынша 37, азаматтық іске қатысты 232 және әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша 52 тұлғаға 52 қаулы шықты. Атап өтерлігі, бұл кезеңде медиация тәртібімен 35 азаматтық іс қысқартылды, – деді Д.Мәуленов.
Жиында сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде де келелі ой қозғалды. Сот төрағасының сөзінше, қазіргі таңда сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдегі кіріс хаттары өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 6,14 пайызға өскен.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




