Қарым-қатынасты нығайтудың маңызы зор
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті. Кездесуде бауырлас екі елдің, оның ішінде Жамбыл облысымен сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтас-тықты дамыту мүмкіндіктері мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Сондай-ақ, Қазақ-Қырғыз I-ші Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы пысықталды.
Аймақ басшысы көрші екі ел арасындағы өзара тығыз байланысты ескере келе, елдердің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты да нығайта түсу қажет екенін атап өтті. Облыс туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын жеткізді.
Өз кезегінде Дастан Дюшекеев жылы шырайда қабылдаған облыс басшылығына алғысын жеткізіп, сауда-экономика, әлеумет, медицина, білім салаларында қарым-қатынасты нығайта түсудің негізі зор екенін айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




