Қылмыс хроникасы
ОҚ-ДӘРІ САЛЫНҒАН СӨМКЕ ТАБЫЛДЫ
Шу қаласының теміржол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан оқ-дәрі салынған сөмке табылды. Заңға қайшы бұл іс өңірлік полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында «Қару» іс-шарасы аясында белгілі болды. Жалпы, табылған сөмкенің ішінен 12 калибрлі «ИЖ» маркалы екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі «ТОЗ-63» маркалы кесілген қос ұңғылы мылтық, жарық шу гранатасы, 91 түрлі калибрлі патрон және 1 жұп тізе таңғыш пен дене сауытының қабы бары анықталды. – Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ АРСЕНАЛЫН АНЫҚТАДЫ
Өңірлік полиция департаментінің қызметкерлері күн сайын қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару- жарақ пен оқ-дәрілерді іздеу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мәселен, жедел ақпаратты іске асыру барысында кезекші тәулік ішінде облыс орталығының бірнеше көшелерінде қару- жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қаптары табылды. Онда полиция департаментінің қоймасынан ұрланған «ПСМ» маркалы жауынгерлік тапанша, «ТОЗ-Б» және «ИЖ-18» маркалы бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, екі ұңғылы аңшылық мылтық, түрлі калибрлі 148 патрон және арнайы құралдар тәркіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар аудандарда елді мекендерден тыс жерлерде қару-жарақ арсеналдарын анықтады. Табылған қарулардың арасында қос ұңғылы мылтық, «ИЖ-17» және «ИЖ-27» маркалы бір ұңғылы аңшылық мылтықтардың ке сінділері, пневматикалық және травматикалық тапаншалар, спорттық револьвер-тапанша және әртүрлі калибрлі 94 патрон болған. Қазіргі таңда осы деректерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 287-бабы 3 және 4-бөлімдерінің (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.АЛАЯҚ ӘЙЕЛ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Тараз қалалық полиция басқармасына 44 жастағы жергілікті тұрғыны жүгініп, осы жылдың маусым айында бір әйел оған банктегі таныстары арқылы пәтерге ипотекалық несие алуға көмектесуге уәде бергенін хабарлаған. Бұл әрекеттерін жылдамдату үшін ол ер адамнан ақшаның бір бөлігін банк қосымшасы арқылы аударуын сұраған. Жалпы алғанда ол жәбірленуші ер адамның 2 миллион теңге көлеміндегі ақшасын алдап алған, алайда пәтерге ипотекалық несие рәсімделмеген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылының 41 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді