Жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті
Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті. Сайыстың мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру әрі олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Бірнеше сағатқа созылған жарыста сотты болғандар шаршы тақта үстінде тез ойлауға, жылдам шешім қабылдап, алма-кезек жүріс жасап, тартысты ойын өрнегін көрсетуге күш салды.
Ой сарабына салмақ салатын ойында қарсыластарына дес бермеген 3 жазасын өтеуші өз мықтылықтарын дәлелдеп, өзгелерден оқ бойы озық шықты.
Жарыс соңында мекеме әкімшілігі тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы грамота табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы ҚАЖ мекемесінде жас қызметкерлерге шен тапсырылды
- 28 сәуір, 2026
46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




