Басты жаңалық
Тараздық полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті
- author «Ақ жол»
- 20 қыркүйек, 2023
- 275
Тараздық полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті
Ағымдағы жылғы 19-21 қыркүйек аралығында Тараз қаласының аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Осыған байланысты Полиция басқармасының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті.
Мақсаты - тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу болып табылады.
ЖАШ шеңберінде ІІО-да есепте тұрған адамдарды тексеру жүзеге асырылады, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жандандырылады.
Облыс орталығының жолдарында жол қозғалысын қадағалау күшейтіледі, патрульдік полицияның саптық бөлініс күштері мен құралдарын барынша тарта отырып, ЖҚЕ бұзушылықтарының жолын кесу және алдын алу бойынша кең ауқымды пысықтау жұмыстары жүргізіледі.
Полиция қызметкерлерімен көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, ойын-сауық мекемелері аумағында және адамдар көп шоғырланған жерлерде патрульдеу жұмыстарын жүргізіледі.
Құқық бұзушылық деректерін анықтау мақсатында саяжайларды, қараусыз және тоқтап қалған құрылыстарды, сондай-ақ үй-жайлардың шатыр және жертөлелерін тексеру жүзеге асырылады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарынан ЖАШ жүргізуге түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға бірлескен түрде жәрдем көрсетуді сұрайды.
Егер, сіз қоғамдық орындарда қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты білсеңіз немесе куә болсаңыз және басқа да маңызды мәліметтер туралы білсеңіз 102 тетігіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді