Жауапты міндеттер жетерлік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті Жолдауына ерекше назар аудардық. Президент мемлекетіміздің дамуына әсер ететін негізгі мәселелерді атап өтіп, Үкіметке шешу жолдары бойынша міндеттер жүктеді. Мемлекет басшысы бұл Жолдауда ауыл шаруашылығы мәселесіне ерекше назар аударды. Президент «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ, біз қолда бар мүмкіндікті әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталыққа айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет», – деп атап өтті.
Мемлекет басшысы елімізде машина- трактор паркінің тозығы жеткенін, жыл сайын 8-10 пайызға жаңалап отыру қажеттігін қатаң тапсырды. Сондай-ақ, су жетіспеушілігі және су ресурстарын үнемді пайдалану мәселесіне көп назар аударды. Жолдауда айтылғандай, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылып, жұмысын бастап кетті. Оның ықпалы біздің өңірге, оның ішінде ауданымызға да тиетіні анық.
Жолдауда айтылған барлық мәселелер – жергілікті атқарушы орындарға және қоғамдық ұйымдарға да берілген нақты тапсырма. Бұл ретте «Аmanat» партиясы мен оның филиалдарына жүктелетін міндеттер аз емес. Біз аудан әкімдігімен бірлесе отырып, бірқатар нәтижелі жұмыстарды жүргізіп келеміз. Президенттің жаңа Жолдауын түсіндіру жұмыстары аудан аумағында белсенді жүргізілуде. Біз тұрғындарға, ауыл шаруашылығының мамандарына Жолдауды түсіндіріп ғана қоймай, үн қосу, айтылған тапсырмаларды нақты жүзеге асыру жағдайын да міндеттеп отырмыз. Ауыл шаруашылығын өркендету, ағын суды тиімді пайдалану, үлкен нарықтарға шикізат дайындау міндеттерінің біздің аудандағы ірі шаруа қожалықтарға тікелей қатысы бар.
Жолдауды басшылыққа ала отырып, алдағы уақытта да нақты жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Себебі, уақыт бізден жылдамдықты және нақтылықты талап етіп отыр.
Бейқұт ЖАМАНГОЗОВ, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді