Балалар тәрбиесіндегі психологтардың рөлі
«Буллинг» бұл қазіргі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанда әрбір үшінші жасөспірім буллингтің құрбанына айналады. Ең қорқыныштысы, мұның арты өліммен аяқталуы әбден мүмкін. Буллинг физикалық күш көрсетуден ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық қысым көрсетеді: жаман сөздер айту, қорлау, келемеждеу, өсек пен өтірік сөздер тарату және шеттетуден тұрады. Бала жанындағы құрдастарынан алшақтап, өзін жалғыз сезініп суицидке баруы мүмкін. Осы орайда, «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалында жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің екінші отырысы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер, жастардың психикалық денсаулығы және суицидтің алдын алу аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Отырысқа партияның облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, облыс әкімдігінің білім басқармасының қосымша білім беру, тәрбие жұмысы және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Гүлзира Дарибаева, денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сәуле Конкашева, облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Алишер Калышев, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы қатысты.
Гүлзира Дарибаева сөз кезегінде жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербуллингтің таралуына жол бермеу және олардың психикалық денсаулығы мен аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу мақсатында білім мекемелері жоспарлы жұмыстарды ведомствоаралық байланыс арқылы тұрақты атқарып жатқандығын айтты.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында педагог-психологтарға арналған шығармашылық зертхана жұмысы «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог-психологтардың озық іс-тәжірибелері әр апта сайын өткізілетінін де тілге тиек етті.
Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу тікелей қоғамға, одан соң психолог біліктілігіне байланысты. Осы тұста Гүлзира Дарибаеваға журналистер тарапынан қойылған сұрақтың бірі «Облысымыздағы білім ошақтарында психолог маман саны жеткілікті ме, қанша оқушымен бір психолог айналысады?» Білім басқармасының бөлім басшысы аталмыш сұраққа расында маман тапшылығы аздығын айтып, орта есеппен 1500 оқушымен 1 психолог жұмыс жасайтынын жеткізді.
Оқушылар арасында суицид саны жыл сайын артуының себебі осы бір психолог жұмысының ақсап тұрғандығына тікелей болмаса да, жанама түрде байланысты екендігіне осылай көз жеткіздік.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді