Басты жаңалық
Іссапар барысында облыс әкімі Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жұмысымен жан-жақты танысты
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2023
- 1.1k
Іссапар барысында облыс әкімі Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жұмысымен жан-жақты танысты
Қазіргі таңда 12 мамандық бойынша 590 студентке білім беріп отырған оқу ошағының директоры Олжас Мұсақұлов алдағы екі, үш жылда тәрбиеленушілердің санын мыңға жеткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар колледж директоры қыз балаларына арналған мамандықтар ашу, жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруда оқу ошағының базасында тәжірибе шыңдауға мүмкіндік берілсе деген ұсыныстарымен бөлісті. Бітіруші түлектердің 80 пайыздан астамы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болып отырған оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен толыққанды танысып шыққан аймақ басшысы өндіріске ең қажетті маман даярлау ісі қашанда қолдау табатынын айтты. Ербол Қарашөкеев ауданға қарасты «Арай» алқабындағы 300 орындық жаңа мектеп
құрылысымен танысып шықты.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




