Зағип оқырмандар жанұялық байқауға қатысты
Отбасы күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Отбасым бақыт мекенім» атты облыстық отбасылық байқау ұйымдастырды. Мақсаты: рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы таза, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, зағип отбасының жағымды имиджін қалыптастыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау. Кітапханаға оқырмандар тарту.
Байқауға Меркі ауданынан Манкеевтер, Байзақ ауданынан Құттыбаевтар, Тараз қаласынан Қожабергеновтер мен Қдырбаевтар қатысты.
Сайыстың ережесіне сәйкес барлық отбасылар бес кезең бойынша бақтарын сынады.
Яғни, «Жанарымдағы сол бір әуен» кезеңінде экранда жасырынған әнді анықтаса «Киностан» - да отбасылық киноның атауын, режиссер және рольдерді сомдаған әртістерді табуға тырысты.
Отбасы турасында мақал-мәтелдерді «Білгенге – маржан...» бөлімінде орындаса, «Бір жыр оқимын» тақырыбындағы сайыста поэзия оқып жарысқа түсті. Соңғы бөлім «Ыстық жанұям» отбасылық сурет салу сайысымен аяқталды.
Байқау соңында шақыртылған қонақтар сөз алып, өз ойларымен бөлісе келе жеңімпаз отбасыларды атады. Байқауында І-ші орынды жеңіп алып, үздік отбасы атанған Манкеевтер жанұясы, ІІ –ші орынды иеленген Құттыбаевтар болса, ІІІ-ші орынды Қожабергеновтер жеңіп алды. Ал, Қдырбаевтар отбасы сайысқа қатысқаны үшін ыңталандыру марапатына ие болды.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен қатысушыларға кітапхана тарапынан алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, кітапхана әкімшілігі байқау барысында өнер көрсеткен «Ерке би» студиясына, «Smart oner» мектебіне, «Болашақ» мектеп-интернатына және Төле би атындағы №8 гимназия әкімшілігіне алғыс білдіреді.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




