«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбылдық полицейлер бір тәулік ішінде 6 түрлі жерден қару-жарақ арсеналдарын анықтады

Жамбылдық полицейлер бір тәулік ішінде 6 түрлі жерден  қару-жарақ арсеналдарын  анықтады
ашық дереккөз
Жамбылдық полицейлер бір тәулік ішінде 6 түрлі жерден қару-жарақ арсеналдарын анықтады
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күн сайын қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мәселен, жедел ақпаратты іске асыру барысында кезекші тәулік ішінде облыс орталығының бірнеше көшелерінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қаптары табылды. Қаптардан ПД қоймасынан ұрланған "ПСМ" маркалы жауынгерлік тапанша, "ТОЗ-Б" және "ИЖ-18" маркалы бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, екі ұңғылы аңшылық мылтық, түрлі калибрлі 148 патрон және арнайы құралдар тәркіленді. Сондай-ақ, бірқатар аудандарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері елді мекендерден тыс жерлерде қару-жарақ арсеналдарын анықтады. Табылған қарулардың арасында қос ұңғылы мылтық, "ИЖ-17" және "ИЖ-27" маркалы бір ұңғылы аңшылық мылтықтардың кесінділері, пневматикалық және травматикалық тапаншалар, спорттық револьвер - тапанша, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 94 патрон болды. Осы деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3 және 4-бөлімдерінің (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті

Ұқсас жаңалықтар