«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бақылау болмай, сапа жоғарыламайды

Бақылау болмай, сапа жоғарыламайды
ашық дереккөз
Бақылау болмай, сапа жоғарыламайды
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері бірқатар нысандарға рейд жұмыстарын жүргізді. Тараз қаласында мөлтек аудандар арасындағы жолдың сапасы көпшілік көңілінен шыға бермейтіні белгілі. Олардың басым көпшілігі жөндеуді талап етеді. Сондай көшелердің бірі Шестакович болатын. Бірнеше мөлтек аудандарды байланыстыратын көшені жөндеу маусым айында басталған еді. Құрылысқа жауапты «Кас и Компания» ЖСШ-і. Жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жолға 515 миллион теңге бөлінген. Айта кетейік, аталған көшенің Б.Момышұлы мен Саңырақ батыр көшелерінің аралығы 7 метрден 14 метрге дейін ұзартылып отыр. Сондай-ақ, мердігер компания өз қаржыларына көше бойына жаяу жүргіншілер жолын да салып беруде. Бүгінгі күні «Таразтрансэнерго» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында «Мыңбұлақ» мөлтек ауданында 60,2 миллион теңгеге ұзындығы 386х2 метр ТК-855 ішкі кварталдық жылу желісі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Кеңес мүшелері ол құрылыстың басына да барып, жұмыс барысымен танысты. Аталған жылу желісі соңғы  тұтынушылардың қажетті қысыммен қамтамасыз ету үшін және гидравликалық режимін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.   Ал №28 мектептің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. Құрылысына 207,5 миллион теңге бөлінген нысанға «Азамат Құрылыс» ЖШС жауапты. Айта кетерлігі,  осыған дейін аманаттықтар бұл білім ошағына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бірқатар кемшіліктер бойынша ұсыныстар берген болатын. Нақтырақ айтқанда, еденін қайта салу және спорт залын 1 қыркүйекке дейін бітіру. Партия ұсынысынан соң мердігер кеткен кемшіліктерді уақытында қалыпқа келтіріпті. Рейд жұмыстарының мақсаты – кемшілік іздеу емес, керісінше оның алдын алу. Осы орайда, кеңес мүшелері мердігер компания басшыларына тиісті ұсыныстар беріп, артылған жұмысты сапалы орындау керектігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар