Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды
- author «Ақ жол»
- 12 қыркүйек, 2023
- 406

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Жамбылоблысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандарының қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өңір тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді.
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Құлназаров Б.Н., Бекбосынов Е.Т., Садыкова Ж.Ә., Анарбаев Қ.С. тартылды.
РАТТ мүшелерінің қатысуымен Тараз, Шу қалалары, Шу, Қордай аудандары, Төле би, Мойынқұм, Масаншы, Сортөбе ауылдарының жастар ресурстық орталығының жастары, өңірлердегі полиция бөлімі, аурухана, мәдениет үйлері мен кітапхана қызметкерлері, мешіт жамағаты және т.б қатысушылар арасында семинарлар және кездесулер өтті.
Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталғандін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәнітуралы ақпараттар берілді.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді