Басты жаңалық
Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егу жоспарлануда
- author «Ақ жол»
- 12 қыркүйек, 2023
- 394

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егу жоспарлануда
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Тараз қаласы мен аудандарда «Жасыл белдеу» жоспарының орындалуы талқыланды.
Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың гектар болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн. 357 мың гектар құрап отыр. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш егу тапсырмасы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігі және Жамбыл облысы әкімдігі арасында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы кешенді жоспар бекітілген. Осы кешенді жоспар бойынша облыс аумағында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егілуі тиіс.
Басқосуда баяндама жасаған табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың айтуынша, облыс аумағында 814,6 гектар жерге 970,0 мың дана ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Қазіргі таңда 118,8 гектар аумаққа 114,7 мың көшет егілген. Яғни елді мекендердің жасыл белдеуін құру жұмыстары тек 56% құрап отыр, оның ішінде Сарысу, Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының көрсеткіштері төмен. Сонымен қатар, Шу, Қордай, Байзақ, Меркі аудандарында жасыл белдеулердің аумағы қоршалмаған. Тұрар Рысқұлов ауданы және Тараз қаласы жасыл белдеу құру жұмыстарын тек күз айларында орындауды жоспарлап отыр.
Басқарма басшысы орман шаруашылығы мекемелерінде елді мекендерді көгалдандыруды қамтамасыз ету үшін 763860 дана көшет өсіріліп жатқанын жеткізді.
Жиын барысында облыс әкімі жоспардың орындалу үлесі төмен аудан басшыларынан жауаптар алды.
Ербол Қарашөкеев Президенттің тапсырмасына сәйкес елді мекендерді көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың өңірлік жоспарын сапалы әрі уақытында орындау керектігін ескертті.
Аймақ басшысы егілген көшеттерге суару жүйелері тартылып, қорғау, күтім жүмыстары дер кезінде жүргізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді