Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мемлекет, қоғам, бизнес. Әділетті қазақстанды құрудағы әріптестік» атты Жамбыл облысының XI-ші азаматтық форумына қатысты.
Форумға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарының қоғам белсенділері қатысты.
Бүгінгі таңда облыста 878 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Азаматтық форум ҮЕҰ-ды одан әрі дамыту және азаматтық сектор мен билік органдарының өзара іс-қимылын нығайту үшін стратегиялық міндеттер қалыптастырылатын негізгі диалог алаңы болып табылады.
Жиынға қатысқан аймақ басшысы аталған форум жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы жаңа форматтағы ынтымақтастықтың бастауы болатынын атап өтті.
– Үкіметтік емес және коммерциялық емесұйымдардың күш-жігерін біріктіру «Естушімемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудыңмаңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқынаЖолдауында азаматтық қоғамды ең өзектімәселелерді талқылап оны шешуде қолдаукеректігін баса айтты.
Үкіметтік емес сектор елімізде демократиялықпринциптерді нығайтуда және әлеуметтікмәселелерді шешуде өз үлесін қосуда. Алдағыуақытта да облыс тұрғындарының игілігі үшінбірлесе жұмыс істейтінімізге күмәнім жоқ», - дедіЕрбол Қарашөкеев жиынға қатысушылар алдында.
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрініңміндетін атқарушы Данияр Қадыров форум қатысушыларына мемлекетіміз әлеуметтікбастамаларды әрқашан қолдайтынына сендірді.
Сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық альянсыныңпрезиденті Бану Нұрғазиева, «SHEBER SHANYRAQ» қоғамдық бірлестігінің төрайымыАнар Бексұлтанова, «Жамбыл облысыныңАзаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігініңтөрағасы Исламбек Дастан да сөз сөйледі.
Шара соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Еріктілер, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерімен өкілдері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамоталарымен, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, ҚазақстанныңАзаматтық Альянсының Алғыс хаттарыменмарапатталды.
Сондай-ақ форум барысында үкіметтік емесұйымдарға қолдау көрсету шараларын, соныңішінде гранттарды қаржыландыру және маңыздыжобаларды жүзеге асыру мақсатында өңірдегібірнеше ірі кәсіпорындармен үшжақтымеморандумға қол қойылды.
Үкіметтік емес бірлестіктердің қоғамдағы рөлінталқылау панельдік секцияларда жалғасты. Қатысушылар «Тараз – қолөнершілер қаласы» көрмесін де тамашалады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




