Қаржылық сауатты болу – маңызды

Қаржылық сауатты болу – маңызды
ашық дереккөз
Қаржылық сауатты болу – маңызды
Білім саласында атқарылып жатқан жұмыс көп. Бүгінгі таңда білім беру саласында «Тәлімгер» бағдарламасы аясында колледж мұғалімдерінің қатысуымен «Зерен Нұр» демалыс базасында «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша жазғы оқыту сессиясы ұйымдастырылды. Жоба аясындағы бірінші семинар өтті. Оған еліміздің Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан мұғалімдер қатысты. Алғашқы 32 мұғалім қаржылық сауаттылық бойынша оқуды аяқтады. Бұл мұғалімдер белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар ретінде студенттер мен олардың қоршаған ортасы арасында алған білімдері мен дағдыларын одан әрі қайталау үшін демалыс кезінде тағылымдамадан өтуге тілек білдірді. Қор директоры Сағынбек Шүңкеев қаржылық сауаттылық сабақтары Қазақстандағы оқу орындары үшін қалыпты жағдайға айналуы керек деп санайды. «Тәлімгер» кеңсесі Halyk Bank- пен біріктірілген «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылық бағдарламасы бойынша мұғалімдермен жұмыс істеп, 300-ге жуық мұғалімді, сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарды қамту арқылы оқушылар үшін геймификация негізінде қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік негіздерінің онлайн бағдарламасын құруды жоспарлап отыр. Максималды нәтижеге жету үшін мұғалімдер тартылды. Осы мақсатта бағдарлама аясында мұғалімдерді оқыту үшін арнайы тренерлер шақырылды, себебі қарапайым азаматтар үшін қаржылық білімнің негізгі үйретушісі мұғалімдер болуы керек. «Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық индексі шамамен 40 пайызды құрап отыр. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 55-71 пайызды құрайды. Қаржылық сауаттылық үрдіске айналып барады. Ол мектеп қабырғасында қалану керек», – дейді «Халық» қоры. «Қаржылық білім беру бағдарламасының» нәтижесінде мұғалімдер оқушылар мен студенттерге отбасы бюджетін жоспарлауды, бизнес- жоспар құруды, «қаржылық гигиена» ережелерін сақтауды, сондай-ақ, телефон алаяқтары мен «карточкалық» айла- амалдарына қарсы тұруды үйрете алады. Қазіргі жағдайда қаржылық сауаттылық әрбір адамға қажет. Бұл білім өмір сүру деңгейінің өсуіне септігін тигізіп, ертеңгі күнге сенім ұялатады.  

Жанар НЫСАНБАЕВА,

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі «Экономикалық және құқықтық пәндер» циклдық-әдістемелік комиссия оқытушысы.

Ұқсас жаңалықтар