«Мақсат бар жерде шектеу жоқ» облыстық байқау өтті
Халықаралық "Ақ таяқ" күніне орай Жамбыл облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында "Мақсат бар - жерде шектеу жоқ» облыстық байқау өтті. Аталған байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының» Республикалық байқау ережесіне сәйкес облыс көлемінде ұйымдастырылды.
Байқау мақсаты: зағип жандардың мәдени-білім деңгейін арттыру, компьютерлік сауаттылығын арттыру, қоғамға бейімдеу және оңалту, түрлі салада зағип жандардың ой-өрісін кеңейтуге атсалысу, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.
Бұл байқауға аймақтың барлық облыстарының зағиптары қамтылды, олар өздерінің зағип болсада өмірге деген құштарлығын көрсетіп, өзара тартысқа түсті.
Нәтижесінде төмендегі зағип оқырмандар жүлделі орындармен марапатталды:
1. «Компьютерде жылдам теру» номинациясы бойынша ІІ-орынмен Атакозиев Ермек (Тараз қ), І-ші орынмен Бегимов Ербол Аққайұлы (Тараз қ) марапатталды.
2. «Жылдам әрі мәнерлеп оқу» номенациясы ІІІ-ші орынды Құттыбаев Шорахан (Байзақ ауд.), ІІ-ші орынды Асылова Бейбісара (Тараз қ), І-ші орында Әбішова Нышанкүл (Тараз қ.) иеленді.
3. «Диктант» номинациясында ІІ-ші орынды Ақбаев Нұрсұлтан (Тараз қ.) иеленсе, Оңғарбаева Қолғанат (Тараз қ.) І-ші орынмен марапатталды.
4. «Эссе» номинациясында алдыңғы шепке шыққан Мария Нисонова (Меркі ауд.) болды.
5. «Берілген тақырыпта өлеңді суырып салып айту» номенациясында ІІ-ші орынмен Қасымбек Болат (Шу ауд), І-ші орынмен Сәрсенбаев Амангелді (Меркі ауд.) марапатталды.
Сондай-ақ, жүлделі орынды иеленген оқырмандарға кітапхана тарапынан Марапат қағаздарымен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ендігі кезекте І-ші орынды иеленген қатысушылар Республикалық байқауда аймақ намысын қорғап, бақ сынайтын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




