Егемендіктің нышаны, елдіктің айнасы

Егемендіктің нышаны, елдіктің айнасы
ашық дереккөз
Егемендіктің нышаны, елдіктің айнасы
Мемлекеттің төлқұжаты саналатын, елдігімізді айқындайтын рәміздерге құрметпен қарау – парыз. Отанын құрметтеген азамат оның рәміздеріне де бей-жай қарамаса керек-ті. Әрине, табиғи құбылыстардың салдарынан немесе басқа да түрлі жағдайлардың себебінен ілінген тудың жыртылуы, Елтаңбаның шеті мұқалуы, Әнұранның мәтіні дұрыс жазылмай қалуы мүмкін. Кейде орналасу тәртібі де бұзылып жатады. Осындай олқылықтарға жол бермеу үшін облыс әкімдігі жанынан 2004 жылы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылған. Ол тек рәміздерді қолданудың тәртібін қадағалаумен шектелмей, ел ішінде оның қадір-қасиетін арттыру мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастыруда да жұмыс істейді. Аталған комиссия биыл 10 наурызда қайта құрылып, құрамы жасақталды. Комиссия құрамына облыстық Полиция, Техникалық реттеу және метрология департаменттері мен облыс әкімдігінің тиісті басқармаларының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізілді. Осындай комиссиялар Тараз қаласы мен аудандарда да құрылып, 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, комиссияның кеңейтілген отырыстары жылына кемінде 2 реттен өткізіліп тұрады. – Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 16-25 мамыр аралығында Жуалы, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Мойынқұм аудандарындағы жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласына қарасты мекемелердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдануына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеумен аталған аудандардағы 213 мекеме қамтылды. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бір жұмыс күнінің ішінде қалпына келтірілді. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласындағы жұмысы тұрақты бақылауда. Биылғы жылдың 31 мамырында облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Жуалы, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Мойынқұм аудандарындағы Мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуына жүргізілген зерделеу қорытындысы қаралды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова баяндама жасап, зерделеу барысының нәтижесі туралы айтты. Күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша Жамбыл облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Д.Қалдығожин Мемлекеттік рәміздерге қойылатын стандарттардың талаптарына тоқталса, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары М.Нысанбаев Рәміздердің білім мекемелерінде қолданылуынан мәлімдеме жасады, – дейді облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Шынар Құланбаева. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда да рәміздердің дұрыс орналасуы тұрақты бақылауға алынған. Комиссия мүшелерімен облыс аумағындағы мекемелерге жылына 2 реттен кем емес зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Биылғы алғашқы жартыжылдықта облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы тарапынан 2 семинар өткізілсе, Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған 150 мекеме қамтылған. Сонымен қатар, биыл 17 сәуірде Тараз қаласындағы «Достық үйінде» тиісті министрліктердің өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және нормативтік-құқықтық деңгейде қолданылуы бойынша республикалық семинар өткізілді. – Облыста 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, бес жүзден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Мерекені атап өту бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Атап айтсақ, Мемлекеттік рәміздер күні және Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған «Туым – намыс, Елтаңбам – бірлік, Рәміздерім – мақтанышым!» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиал директоры Р.Садырқұлов жүргізіп отырған іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қызметкерлері мен студенттері, мекеме қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Л.Ілебаев, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұ.Сламбекова, облыс бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Д.Қалдығожин Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Р.Баярисов және Р.Тобаджанов, заң ғылымдары магистрі А.Қадырқұлов Рәміздердің шығу тарихына, Ш.Ниязбековтің еңбектеріне тоқталды. Конференция соңында бірқатар қызметкерлер мерекеге орай Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» тақырыбында ашық лекция өтті. Аталған іс-шараға оқу орнының студенттері, «Amanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының облыс бойынша төрағасы У.Болатбек, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры А.Есіркепов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты А.Лесбек, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының төрағасы Т.Сағадинов, «Тараз студенттер Альянсының» көшбасшысы Д.Байпақ және институттың профессор-оқытушылық құрамы қатысты. Лекция барысында Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жастар арасында насихаттау жұмыстары туралы баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, аталған институтта Мемлекеттік рәміздер күніне орай бокстан өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздары, Ш.Мұртаза атындағы институттың түлектері А.Шымбергеновпен және Д.Бекбауовпен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға студент жастар мен институттың профессор-оқытушылық құрамы қатысты. Шара Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды. Өз кезегінде Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті Н.Муслимов және ректоры М.Баяндин құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға сәттілік тіледі. Студенттердің сұрақтарына чемпиондар тарапынан жауап беріліп, ашық сұхбат жүргізілді, – дейді Ш.Құланбаева. Рәміздердің мәнін насихаттау мақсатындағы мәдени – көпшілік жұмыстар Ш.Ниязбековтің 85 жылдығына орай Жамбыл ауданында патриоттық акциямен жалғасыпты. Акция аудан орталығынан бастау алып, Аса ауылынан Ш.Ниязбеков ауылына дейін автошеру ұйымдастырылған. Ту тұғыры аллеясында ауыл тұрғындарының қатысуымен мерекелік іс-шара өткізіліп, қатысушылар назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық-әмбебап кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері Ә.Баққараев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушылары Е.Байболов пен А.Таңсықова қатысты. Баяндамашылар Мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызына тоқталып, студенттер мен оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Облыс бойынша «Менің Туым – менің мақтанышым!» челленджі ұйымдастырылып, мекемелер, кәсіпорындар, тұрғындар, этномәдени бірлестіктер мен жастар өкілдерінің қатысуымен барлығы бес жүзден астам пост жарияланған. Қоғамдық орындарда, саябақтарда жастар арасында Мемлекеттік рәміздер бойынша сауалнамалар ұйымдастырылды. Шара барысында сұрақтар қойылып, сауалдарға дұрыс жауап бергендерге естелік сыйлықтар тапсырылды. Білім мекемелерінде, мектептер жанындағы лагерьлерде «Біз тәуелсіз елдің болашағымыз!» тақырыбында сурет салу байқаулары, «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы», «Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні» атты эссе байқаулары, «Көк Тудың желбірегені» тақырыбында флешмобтар, «Тәуелсіз елім – Қазақстаным!» атты танымдық сағаттар ұйымдастырылды. Мәдениет мекемелерінде «Егемен елдің рәміздері» атты челлендж, «Рәміздерім – мақтанышым!» тақырыбында облыстық тарихи-өлкетану музейінің Рәміздер экспозициясына экскурсия, «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символы» атты дөңгелек үстел отырысы, «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» тақырыбында фотокөрме, «Біздің ел! Біздің Гимн! Біздің Ту!» атты өнерпаздардың Мемлекеттік Гимнді орындау іс-шарасы, «Рәміздер – тәуелсіздік тұмары», «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік рәміздері» атты викториналық сауалнамалар, «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты конференциялар, «Мемлекеттік рәміздер» атты интеллектуалды сайыстар, «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырыстары, «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты жастар акциялары, «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» атты патриоттық акциялар, «Көк байрағым – елдігім, еркіндігім!» атты әдеби-сазды кештер өткізілді. Биылғы жылдың 4 маусымында Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттар форумы ұйымдастырылды. Шараға қала тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар қатысты. Форум Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі және «Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы» әскери басқармасы хорының сүйемелдеуімен Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров жиналғандарды мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ, форумда Мемлекеттік Тудың авторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Ш.Ниязбековтің туғанына 85 жыл толып отырғандығы айрықша аталып, тұлға рухына құрмет көрсетілді. Шара барысында патриотизмді нығайтуға, облыстың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Форум соңында тұрғындар назарына патриоттық бағыттағы концерттік бағдарлама ұсынылды. Облыс орталығында Мемлекеттік рәміздер күніне орай вело және автошеру ұйымдастырылды. Шара «Март» сауда үйінен бастау алды. 40 велошабандоз Төле би даңғылы арқылы Тұңғыш Президент саябағына дейін жүріп өтсе, 50 автокөліктен тұратын автошеру бағыты қаланың басты көшелерін қамтыды. Осы күні «Ту – барлық үйде» акциясы аясында Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің терезелері мен балкондарына Мемлекеттік Ту ілініп, Рәміздерге құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, облыстағы барлық мекемелер, кәсіпорындар мен сауда орталықтары, сауда орындарында бір уақытта Мемлекеттік Гимн орындалды. Осындай бағыттағы мерекелік шаралар облыстың барлық аудандарында да ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Мұндай жұмыстар тұрақты түрде жалғаса бермек.  

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар