Экономика мен өндірісті өркендету маңызды

Экономика мен өндірісті өркендету маңызды
ашық дереккөз
Экономика мен өндірісті өркендету маңызды
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауының негізгі өзегі – еліміздің экономикалық дамуы мен өндірісін өркендету. Жолдауда айтылғандай, қазіргі экономикалық және технологиялық бәсеке қызып тұрған дәуірде елдің экономикасы мен өндірістік қуаттылығын арттыруға ерекше басымдылық берілетін болады. Бұл ретте шағын кәсіпкерлікті қолдап, ірілендіруге, олардың өндірістік қабілеттерін арттырып, өнім өндіру қабілеттерін ұлғайтуға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, ауыл шаруашылығында суды көп қажет етпейтін тиімді дақылдар өсіруге, шаруаларды сумен қамтамасыз етуге зор мән берілетіні де қуанышты жаңалық. Агроөнеркәсіптік кешенде су үнемдеу технологияларын пайдаланудың маңызы арта түспек. Осы орайда, су шаруашылығы мәселелерімен дербес, жеке айналысатын Су шаруашылығы министрлігінің құрылатыны, әсіресе, ауыл шаруалары үшін қуанышты жаңалық болды. Отандық өнімдердің бәсекелестігін дамыту негізінде елімізде сапалы өнімдерді экспорттап, шетелдерге шығаруға жол ашылатыны аян. Сондықтан, Жолдауда айтылған бұл міндеттің орны, тіптен зор деп есептеймін. Осы міндеттердің бәрін жүзеге асыру үшін отандық кәсіпкерлеріміз өздерінің үлкен, болашағы мен тиімділігі зор өндірістік және кәсіпкерлік жобаларын ұсынулары тиіс. Ол жобалар қағаз жүзінде қалатын емес, нақты жүзеге асатын жобалар болуы тиіс. Мен, Президентіміздің Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдап, алдағы уақытта ел болашағы үшін жасалатын нақты қадамдар үшін қанаттанып, қуанып отырдым. Әрбір Жолдау – оны халықтың қолдауымен, онда айтылған мақсат-міндеттердің жүзеге асуымен құнды.  

Әбиірбек ТІНӘЛІ,

А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ұқсас жаңалықтар