«Арайқұрылысмаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін облыс жұртшылығы әлеуетті әрі көпсалалы кәсіпорын ретінде жақсы біледі. Компания облыс аумағында әлеуметтік нысандар, жол салумен және құрылыс материалдарын шығарумен шұғылданады. Тұрақты 200-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы 80 мың теңгені құрайды.
Кәсіпорын үстіміздегі жылы Жуалы ауданының орталығы – Б. Момышұлы ауылында 300 орындық мектепті салып, пайдалануға берді. Қазір Тараздағы «Бәйтерек» мөлтек ауданында 280 орындық балабақша құрылысын жүргізуде. Сондай-ақ, Жаңатас қаласында «Еурохим» АҚ тапсырысымен автомобиль жолын салуда. Қазір мұнда 100-ден астам бірлік техника, сағатына 70 тонна асфальт шығаратын зауыт және бетон желісі бар. Серіктестік ауласындағы цехтарда пластик есік, терезе, бордюр және алуан пішіндегі іргетастық блоктар жасалады. Серіктестік басшысы Арман Еділбаев үздіксіз ізденісте жүретін азамат. Оның бастамасымен 2013 жылы кәсіпорын ауласында тұрмысқа қажетті еуропалық-италиялық үлгідегі жылу радиаторларын шығаратын цех құрылысы басталған болатын. Жобаның құны 300 миллион теңге. Ол облысымыздың Индустрияландыру картасына енгізілген. Компания шығаратын жылу радиаторлары ғимараттарды жылытуға қолданылады.
Зауыт толық қуатында жұмыс істегенде жылына 400 мың данадан астам осындай жабдық шығарады. Бұл – елімізде тұңғыш рет қолға алынып отырған жоба. Осында өндірілетін бәсекеге қабілетті өнім шеттен жеткізілетіндерге қарағанда бағасы біршама арзан әрі қолжетімді болады. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде жаңадан 40-қа жуық жұмыс орны ашылады. Мұның өзі облысымыздың ішкі нарықтағы жылу радиаторларына деген қажеттіліктің 50 пайызын өтей алады.
Таяуда цех іске қосылды. Радиатор шығаратын алюминий қорытпасы Ресейден жеткізіледі. Қорытпа әуелі арнайы станокта балқытылып, радиаторға қажетті секция жасалады. Ол келесі станокта тегістеліп, дәнекерленеді. Соңғы станокта сырланып, дайын өнім шығарылады. Қазір мұнда 100-ге жуық жылу радиаторлары шығарылған. Жергілікті азаматтарға жабдықтармен жұмыс істеуді қытайлық мамандар үйретуде. Цех келесі жылдың соңына қарай толық қуатында істейтін болады. – Цехта мамандарымыздың алаңсыз әрі өнімді еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Барлық жұмыс үдерісі автоматтандырылған. Мамандарымыз бәсекеге қабілетті әрі сапалы өнім шығаруға мүдделі. Алғашқы кезде шығарған тауарларымыз облыстың ішкі нарығында өткеріледі. Бүгінде тауардың бұл түріне сұраныс мол, – дейді «Арайқұрылысмаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Мұрат Есібаев.
Ақылжан Мамыт, «Ақ жол.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді