Нәтижелі бастамаларға тың серпін береді

Нәтижелі бастамаларға тың серпін береді
ашық дереккөз
Нәтижелі бастамаларға тың серпін береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейгенін айтты. Әрине, бұл елдің дамуына оң ықпалын тигізері анық. Себебі, әр партияның мемлекетті өркендетуге арналған бағдарламалары, жұмыс жоспарлары бар. Президент Жолдауда депутаттар құрамы да айтарлықтай өзгергенін атап өтіп, саяси партиялардың фракциялары, бірмандатты округтен сайланған депутаттар жұмыста белсенділік көрсетіп, көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтеріп жүргендеріне тоқталды. «Депутаттарымыз жазда да көп жұмыс атқарды. Небәрі екі айда 1200-ден астам елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесті, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты», деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы. «Amanat» партиясының Т.Рысқұлов аудандық филиалы өз жұмысының басым бағыттарын әр бағыттағы қоғамдық қабылдаулар, қоғамдық кеңестер мен комиссиялар арқылы сабақтастырып келеді. Ең бір кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі – тұрғындармен үйлесімді байланыс орнатып, олардың өтініш-тілектерінің орындалуына ықпал ету. Осы орайда партия атынан сайланған мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдау бөлмесінде, сондай-ақ сайлау округтеріндегі тұрғындардың арыз-өтініштерін қарауға, олардың оң шешімін табуына жете мән беріліп келеді. Сәуір айынан бастап депутаттық фракция мүшелерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау бөлмесіне 168 өтініш келіп түскен. Оның 109-ы оң шешілсе, 59 өтінішке түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сайлау округтеріндегі тұрғындармен 12 рет көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Тұрғындар көбіне әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту мәселесі, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сияқты мәселелерді көтерді. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы проактивті форматқа көшіп, қызмет көрсетуге бағытталған тәсілдер енгізілді. Партия филиалы жанынан түрлі сала өкілдерін қамтитын мобильді топ құрылып, қабылдау жұмыстары аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда жүргізіліп келеді. Есепті кезеңде шалғай ауылдарда 7 мобильді қабылдаулар өтіп, оның 3-еуіне облыстық мобильді топ, 1-еуіне республикалық мобильді топ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, биылғы сайлау науқаны кезінде аудан тұрғындарынан тұрғын үй-коммуналдық саласына қатысты, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер, білім беру, денсаулық сақтау саласы бойынша барлығы 47 өтініш келіп түскен. Аманаттардың 44-і аудандық, 2-еуі облыстық, біреуі республикалық деңгейде шешілетін сұрақтар. Олардың 20-сы орындалып, 24 мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі аудан тұрғындарының сенімді серігіне айналды. Жолдауда «Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!» деп сөзін түйіндеген Мемлекет басшысы жаңа бастамаларға серпін берер тың тапсырмалар жүктеді. Жаңа бастамалардың нәтижесі де көпшілік үшін игілікті болары анық.  

Қанатбек АРЫСТАНБЕКОВ,

«Amanat» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар