19 миллион теңгені қолды қылған ұры ұсталды
Жуырда Тараз қалалық полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне жергілікті ұйымның қызметкері шағымданған. Ол белгісіз адамның кілттерді таңдау арқылы қалалық базарлардың бірінде орналасқан компанияның үй-жайына заңсыз кіріп, сейфтен 19 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткендігі туралы хабарлады. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды облысының Балқаш қаласында қылмыс жасады деген күдікпен Меркі ауданының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Ауызша келісім – сан соқтырады
- 7 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




