Есірткі тасыған жолаушы құрықталды
Өңірде «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жедел ақпаратты іске асыруда тәртіп сақшылары «Меркі-Шу-Бурылбайтал» көлік жолының 14-шақырымында «Volkswagen» маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде көліктің артқы жүк салғыш бөлігінде Меркі ауданының 31 жастағы жолаушысына тиесілі есірткі заты салынған полиэтилен қапшық табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 6 келі «кептірілген марихуана» есірткі құралы екені белгілі болған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстық полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Айта кетейік, бүгінде ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




