Мемлекеттің мүддесі бәрінен биік

Мемлекеттің мүддесі бәрінен биік
ашық дереккөз
Мемлекеттің мүддесі бәрінен биік
1 қыркүйек – Білім күнімен тұспа-тұс келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын отбасыммен бірге мұқият тыңдап, тұшымды ой түйіп отырдым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміздің экономикалық дамуы қарыштай түсетіні айдан анық. Даңқты қолбасшы, батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бас иген құл болмайды». Сондықтан, Мемлекет басшысының әр бастамасына қолдау білдіріп, халық болып жүзеге асыруға, бір кісідей атсалысуға тиіспіз. Мемлекет басшысы Жолауында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастағанын қуанышпен жеткізді. Алайда, орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең екенін айтты. Сонымен бірге, жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келетінін және ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажеттігін баса айтты. Президент Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керектігін мәлімдеді. «Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет» деді ел Президенті. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіру туралы ұсынысы да құптарлық іс. Ал екі бағдарламаны біріктіре келе, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру туралы айтқаны да көңілімізге серпіліс берді. Әсіресе, осы Жолдауда біз секілді кәсіпкерлерге қолдау көп болғаны айрықша қуантты.  

Керімқұл БЕГАЛИЕВ,

облыстық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер.

Ұқсас жаңалықтар