«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ОТБАСЫНДА ОЙРАН САЛҒАНДАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

ОТБАСЫНДА ОЙРАН САЛҒАНДАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
ашық дереккөз
ОТБАСЫНДА ОЙРАН САЛҒАНДАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргі қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, онымен күресті қатаңдату қажеттігін баса айтқан болатын. Президент өз сөзінде «Қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал, жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет», – деп атап өтті. Президенттің отбасылық- тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқықбұзушылықтардың жауапкершілігін қатаңдату туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік және Қылмыстық Кодекстерге бірқатар түзетулер әзірледі. Заңнамалық түзетулер осы жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енді. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекске енгізілген түзетулер «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында іске асырылады. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің бірқатар нормаларын өзгертуді қарастыратын заң жобасында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқықбұзушылықтар осы Кодекстің 73-бабы (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер), 73-1-бабы 1-1 бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2-бабы 1-1 бөлігі (ұрып-соғу) бойынша құқықбұзушылықтар оларды тіркеудің өтінім беру сипатынан анықтау сипатына көшірілді. Яғни, аталған фактілер орын алған жағдайда жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалатын болады.  

Есен ӨТЕУЛІ.

 

Ұқсас жаңалықтар