Оқушылар ардагерлермен кездесті
Қарияларды құрметтеу – оларға деген ыстық ықыластан көрінетіндігі айқын. Осы тұрғыда Абай атындағы №26 орта мектепте ардагерлермен кездесу өтті. Оған Тараз қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы К. Дәуренбеков, кеңес мүшесі М. Секеев қатысып, қонақ болды. Мектебіміздің ауласында ардагерлер мен оқушылар бірігіп, ағаш отырғызды. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген осы да. – Бұл отырғызылған жас талдар жас балғындарға үлкен әсер қалдырады деп білемін. Өйткені өздері сияқты жас өскіндер жыл сайын бой түзей беретін болады. Оларға жас талдарды қалай күту керек екенін түсіндіреміз. Сонда өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына табиғатты аялау түсінігі қалыптасады деп білемін, – дейді аталмыш мектеп директоры М. Тұрысбек. Соңыра қазыналы қариялар ойы ұшқыр, талабы зор, болашақтан зор үміт күттіретін жастарды еліміздің мәртебесін көтеруде аянбай еңбек етуге, ұлттық идея мен биік мұраттарға жетелейтін тапсырмаларды орындауға бар ынта-жігерді жұмсауға шақырды. Бұл ұрпақтар сабақтастығының бір үлгісін көрсеткендей болды.
Лаура Хасенова, Абай атындағы №26 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




