МАТРАЦ ЖАСАУДЫҢ МАМАНЫ
«Даму» қорының облыстық филиалына қайырылған кәсіпкердің бірі – Григорий Повстянко. Ол 2011 жылдан бері өз жеке кәсіпкерлігін құрып, матрац шығарумен айналысып келеді. Оның ел нарығындағы өнімдер «AVERO» matras fabrikasy» сауда белгісімен көпшілікке аян. Компания ортопедиялық серіппелі-матрацтардың 30-дан астам түрін, тәуелсіз серіппелі блок, серіппесіз, мақта, көбік өндіріп, өткереді. Ғимаратты көп уақыттан бері жалға алып жұмыс істеп келген Григорий Повстянко табысын ескере отырып, өзіне ғимарат сатып алу туралы шешім қабылдайды. Сөйтіп, ол «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінеді. Оның өтінішін «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы мақұлдап, несие рәсімдейді. Несие кәсіпкерге «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде берілді.
– «Даму» қоры тарапынан қолдау тауып, ойға алған мақсатымды жүзеге асырдым. Бұған дейін ғимаратты жалға алып жұмыс істеп келсем, енді өз жұмыс орным, өз мекемем бар. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,75 пайызды құрайды. Оның 6 пайызын өзім, ал 8,75 пайызын мемлекет субсидиялайды. Бұл – кәсіпкерлер үшін өте тиімді, – дейді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, зауытта 35 адам еңбек етеді. Сұранысқа қарай зауытта айына 3 мың данаға дейін матрац дайындауға мүмкіндік бар. Дайын өнімнің басым бөлігі Тараз қаласындағы жиһаз сауда орталықтары мен базарларға өткеріледі. Орта есеппен өнімнің 500-600 данасы сауда орталықтарына түскен сәтте-ақ өтіп кетеді екен. Өзге облыстарға да сұранысқа қарай тасымалданып отырады. Отандық өнімнің Қытай мен Ресейден жеткізілетін матрацқа қарағанда сапасы да жоғары екен.
– Аймақта біз өндірген өнімге сұраныс жоғары. Сұранысқа қарай жұмыс қарқынын арттырудамыз. Қарапайым халық матрацқа төсеніш құралы ретінде қарайды. Шынтуайтында олай емес. Біз оның медициналық жағынан ондаған түрге бөліп, қатты, жұмсақ және омыртқа, буын аурулары мен басқа да сырқаттардың талабына жауап беретіндей етіп жасаудамыз. Біздің тұрақты алушыларымыз кейде матрацқа арнайы тапсырыс беріп жатады. Ол кезде тапсырыс берушінің жасына, салмағымен сырқатына қарап қолайлы етіп жасап береміз. Жайлы матрац адамның ұйқысын тыныш етеді. Біз отандық нарықты жаулап алу үшін сапаға жұмыс істейміз, – дейді ол.
Зауытқа қажетті шикізаттың басым бөлігі Ресей мен Қытай мемлекеттерінен жеткізілсе, он пайызын отандық өнім құрайды. Дайын өнімнің бағасы да халық үшін қолжетімді. Ең арзаны 30 мың теңге тұрса, қымбаты 200 мың теңге. Әрбір матрацтың белгілі мерзімдік кепілдік мерзімі бар. Ол жауапкершілікті зауыт өз жауапкершілігіне алған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді