Бір серіктестікте 24 адам жұмыс істейді
Түзеу мекемелеріндегі еңбек дағдысы – болашақтағы табыс кілті. Оның үстіне, сотталғандар еркін өмірге жолдама алған соң, табыс көзін іздейтіні тағы анық. Демек, оларды жұмысқа тарту мәселесіне жазасын өтеп жүрген сәттен бастап көңіл бөлген дұрыс. Қазіргі таңда дәл осы мәселенің түйінін тарқату үшін облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тарапынан кешенді іс-шаралар қолға алынған. Мәселен, жеке кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас орнатылуда. Соның нәтижесінде жабық мекемелердегі жазасын өтеушілер «екі қолға бір күрек» тауып отыр.
№26 түзеу мекемесінде бүгінде бас-аяғы 161 адам жазасын өтеп жатса, оның 131-і жұмыспен қамтылған. Ж.Халиев басқаратын бір ғана «Villa Строй» серіктестігінде 24 азамат еңбек етуде. Мұнда еңбек етушілер тұтынушыларға тұрғын үй құрылыстарымен қатар, көлік жөндеу мен жуу сынды қызметтерді ұсынады. Серіктестік басшысының сөзінше, алдағы уақытта да мекемедегі өзге де жазасын өтеушілерді жұмысқа алу жоспарда бар.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




