Жамбылда не жаңалық?
Жедел медициналық жәрдем қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары
- author «Ақ жол»
- 22 тамыз, 2023
- 686
Жедел медициналық жәрдем қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ең маңызды бағыты халықты медициналық қамтамасыз ету болып табылады. Денсаулық сақтау – әлеуметтік бағыттың жетекші салаларының бірі. Жедел медициналық жәрдем (бұдан әрі – ЖМЖ) – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және оның аумағында орналасқан басқа да тұлғаларға дәрігерге дейінгі кезеңде жедел медициналық көмек көрсету аса маңызды және ұлттық қауіпсіздік факторларының бірі болып табылады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-4 Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 бұйрығымен Қазақстан Республикасында халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетудің жаңа қағидалары бекітілді. 2017 жылдың шілдесінде басталған жедел жәрдем қызметін жаңғырту нормативтік-құқықтық актілерді жаңарту мен дамытуды, жедел жәрдем қызметін орталықтандыруды, кадрлық әлеуетті дамытуды, материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартуды, жедел медициналық көмек көрсетуге сараланған тәсілді қолдануды және шақыртуды басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізуді көздеді.
Жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сүйене отырып, жедел жәрдемге жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайы төрт санат бойынша бағаланады және жеделдігі бойынша бөлінеді, ал шақыртулар оңтайландырылып, белгілері бойынша топтастырылады. Бірінші санатқа жағдайы өміріне бірден қауіп төндіретін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін науқастар жатады, сондықтан жедел жәрдем бригадасы 10 минут ішінде келуі керек. Екінші және үшінші санаттарға жағдайы медициналық көмексіз өмірге ықтимал қауіп төндіретін науқастар жатады, сондықтан жедел жәрдем бригадасы оларға тиісінше 15-30 минуттан кешіктірмей келуі керек. Төртінші санатқа жағдайы жедел ауру немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылулары жоқ, пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін науқастар жатады.
Мұндай науқастарға бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін жетеді. Алғашқы үш санатқа жедел жәрдем станциясы деңгейінде, төртінші санатқа – тәулік бойы қоңырауларды қабылдайтын емханалар жанындағы жедел жәрдем бөлімшелері деңгейінде қызмет көрсетіледі.
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудегі бұл тәсілдің негізгі мақсаты ауруханаға дейінгі кезеңдегі өлім-жітім деңгейін төмендету болып табылады.
Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ - 225/2020 «Жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алады.
Жамбыл облысында кешенді жедел медициналық көмекті дамытудың негізгі тәсілдерін әзірлеу мақсатында жедел медициналық көмек алу сатысында пациенттерді бағыттаудағы негізгі проблемалық нүктелер анықталды. 2016 жылдан бері Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясында жедел жәрдем қызметін реформалау бойынша 12 жоба жүзеге асырылды:
- Басқарудың автоматтандырылған жүйесі («КӨМЕК» АБЖ енгізу);
- Навигациялық жүйе (100% GPS - навигациямен жабдықталуы);
- Автоматтандырылған жұмыс орны (ақпараттандырудың артуы);
- Электрондық медициналық карта;
- Қосымша «Пиковая бригадасын» қамтамасыз ету;
- Қоңырауды ұстау әдісін енгізу;
- Мамандандырылған оқу орталығы;
- Триаж жүйесі;
- Қашықтықтан ЭКГ (кардиометр);
- Облыстық деңгейде ЖМЖ аудандық бөлімшелерін орталықтандыру;
- Медициналық авиация бөлімін (бұрынғы санитарлық авиация) облыстық жедел жәрдем станциясының басшылығына беру.
- Ауруханаға дейінгі кезеңде телемедицина мүмкіндіктерін пайдалану;
Венера БАЛКИБЕКОВА,
облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді