Мал басын бірдейлендіру маңызды
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ветеринария саласындағы атқарылатын міндетті іс- шаралардың бірі. Бүгінгі таңда облысымызда 5 миллион мал басы бар. Оның 570 мыңы мүйізді ірі қара, 4 миллионы қой- ешкі, 196 мың басы жылқы, 8600 бас түйе және 8100 басы шошқа. Мұның барлығы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына тіркелген. Бірдейлендіруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен реттеледі.
Жануарларды есепке алу рәсімі жануарларға жеке нөмір беруді қамтиды, ол жануар иесі өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бірдейлендіру нөмірін бергеннен кейін компьютерлік деректер базасына ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізеді және ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға сырға салынады немесе таңба басылады. Бірдейлендіру қорытындылары бойынша деректер бүкіл Қазақстан аумағындағы бірыңғай мемлекеттік компьютерлік дерекқорға енгізіледі. Ол мал басының есебін жүргізуді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, әр жануар бойынша ветеринариялық манипуляциялардың тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер базасында ветеринариялық- профилактикалық іс-шаралардың мәліметтері көрсетіледі, олардың негізінде ветеринариялық ілеспе құжаттар рәсімделеді.
Ел аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады. Егер иелігіңізде бірдейлендірілмеген жануарлар болса аталған ветеринариялық қызметтер көрсетілмейді:
– Ұрланған (табылған) жануардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес (бірдейлендірілген жануарды табу және оны иесіне қайтару оңайырақ).
– Бірдейлендіру нөмірінсіз мал дәрігері тарапынан ветеринарлық анықтама рәсімделмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіру қажет.
– Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
– Құлындар төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде).
– Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарында күтіп- бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
– Тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп- бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Әрбір ауылшаруашылығы жануарларын ұстап отырған мал иелеріне ветеринар мамандар тарапынан ұсыныстар:
– Дер кезінде, ең бастысы өз жануарларыңызды бірдейлендіру керек;
– Сатып алу, сату, сою, төлдеу, жануарлардың сырғаларын жоғалту кезінде үш күн ішінде ветеринар маманға хабарласуыңыз керек. Бұл компьютерлік деректер базасында толық және сенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
Иелігіңіздегі жануарларды бірдейлендіру және есепке алу мәселелері бойынша жергілікті ветеринариялық станциясы мамандарына міндетті түрде жүгіну қажет.
Бауыржан МАМБЕТОВ,
облыс әкімдігіветеринария басқармасының бөлім басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді