Экономика
Жыл соңына дейін 45 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2023
- 681
Жыл соңына дейін 45 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алтай Күздібаевпен кездесті. Аймақ басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Биыл кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы көлемі 13,2 миллиард теңгеге 3929 пәтерлік 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 2 564 пәтерлі (199,4 мың шаршы метр) 45 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс орталығында жеке инвестициялар есебінен 10-нан астам көппәтерлі үй салынуда.
7,7 миллиард теңгеге әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасылар үшін 797 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Биыл 10,3 миллиард теңгеге 77 инженерлік жоба жүзеге асуда, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 869 жер учаскесін беру жоспарлануда.
– Жамбыл облысы – тұрғын үй құрылысын дамыту үшін болашағы зор өңір. Бұған дейін жеке тұрғын үй құрылысына көп көңіл бөлінсе, қазір жеке инвестициялар есебінен жобалар іске асуда, – деді Алтай Күздібаев.
Басқосуда тараптар үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін, мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысына қатысты мәселелерді талқылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




