«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ЖАРАП ТҰР
«Жасыл ел» еңбек жасағының аудандық бөлімшесі де өңірдің экологиялық тазалық айлықтарына өз үлестерін қосып келеді. Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Жеңісбек Сейтбековтің айтуынша, «Жасыл ел» жасағы жұмысын 30 наурызда бастаған. Бүгінгі таңда «Жасыл ел» еңбек жасағына тартылған жастар күшімен бірінші маусымда 9 тонна қоқыс шығарылып, 4,5 гектар алаң тазартылған. Ал, тал-дарақ отырғызуға 50 жас қатысып, 1169 түп ағаш көшеттері саябақтар мен аллеяларға отырғызылған. Жастар ол ағаштарды өз күтіміне алып, араға апта салып суарып тұруды әдетке айналдырып та үлгерген. Бұдан бөлек, аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында еңбек жасағы Е.Сауранбек, Жамбыл, Абылайхан, Жамбыл және Д.Қонаев көшелері бойында, Боранды, Ақсай, Ынтымақ, Н.Тұрысов көшесінің сай беткейлері мен «Жастар ресурстық орталығы мекемесінің» ауласында сенбілік ұйымдастырып, бір гектар алаңды тазартып, 2,5 тонна қоқыс шығарған.
– Аудан көлемінде өткізілген экологиялық сенбіліктерге өңірдегі 12 ауылдық округтің барлығы қатысуда. Онда жастардың белсенділігі жоғары болды. Мәселен, Нұрлыкент ауылдық округінде қоқыс полигонына апарар жол бойына, сонымен бірге ондағы Е.Байғазиев, Тұран, Жастар көшелері бойында ұйымдастырылған сенбілікте 2 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, жастар бір гектарды құрайтын саябаққа 1 мың түп жеміс және декоративті ағаш көшеттерін отырғызды, – дейді Жеңісбек Сейітбеков.
Шақпақ ауылдық округінде де Д.Пахомов көшесі бойында орналасқан саябақ пен әкімдік ғимараты ауласына барлығы 12 түп арша, 62 түп жеміс ағаштарының көшеті отырғызылған. Еңбек жасағы күшімен көшелер мен өзен-көлдер бойына сенбіліктер ұйымдастырылып, 2,5 тонна қоқыс шығарылыпты. Ал, Қарасаз ауылдық округінде 2 тонна қоқыс шығарылып, округ әкімдігі ауласына 80 түп шырша көшеті отырғызылып, күтімге алынған.
Екінші маусымында жастар күшімен 6,5 тонна қоқыс шығарылып, 3 гектар алаң ретке келтірілген. Бұл кезеңде көшелермен қатар, саябақтар мен аллеялар да күтімге алынған. Атап айтсақ, жастар «Мәңгілік ел» аллеясы саябағындағы шөптерді орып, гүлзарларды арам шөптен арылтқан. Күйік асуында ауданның атауын қалпына келтіріп, ақтаған. Шақпақата ауылындағы «Шақпақ әулие» киелі орнында «Табиғат және біз» атты экологиялық акция өткізіп, ондағы шағын аллеядағы жеміс ағаштарын суарған. Шақпақата өзені бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, Д.Пахомов көшесі бойындағы орталық саябақта ақтау, сырлау жұмыстарын атқарған.
Үшінші маусымда да еңбек жасағы аянып қалған жоқ. Аудандағы экологиялық ахуа лды жақс арту мақсатында сенбіліктер ұйымдастырып, өзен-көлдердің жағасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Өткен айда «Жасыл ел» жасағы құрамында 51 жас жұмыс істеген. Ендігі кезекте олардың қатарын 70-ке толтыру жоспарлануда. Жалпы, «Жасыл ел» жасағының күшімен аудан көлемінде 50 тонна күл- қоқыс шығарылған. Мәселен, 2 шілде күні «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі қызметкерлері мен «Жасыл ел» жасақтары мүшелері аудандық «Бірге – Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстарына атсалысты. Аталған акция барысында жастар «Теріс Ащыбұлақ» су қоймасы маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы көлемі 2 гектар аумақ тазаланып, бір тонна қоқыс жинаған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді