Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу
ашық дереккөз
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады: 1)меншік құқығы; 2) шаруашылық жүргізу құқығы; 3) оралымды басқару құқығы; 4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы; 5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар. Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін. Қажетті құжаттардың тәртібі мен тізбесі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету ережелермен белгіленген (Ережелермен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020610). Мемлекеттік қызметтердің неғұрлым кең таралған және сұранысқа ие түрлерінің бірі азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу. Азаматтардың жылжымайтын мүлікті сатып алуға мәмілелерді ресімдеу бойынша таңдау құқығы бар. Мысалы: сатып алу-сату шартын нотариус арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары (нотариалдық емес мәмілелер) арқылы да рәсімдеуге болады. Нотариустың қатысуымен мәмілені нотариат куәландырған жағдайда шартқа қатысушылар, олардың тегі, аты және әкесінің атын (болған жағдайда) өз қолымен жаза отырып, қол қояды, кейін нотариус шартты Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (БНАЖ) арқылы тіркеуші органға тіркеуге жібереді. Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) шарттың немесе өзге де мәмiленiң негiзiнде туындаған жағдайларда, оларды нотариат куәландырмаған кезде мәмiленiң барлық қатысушылары белгiленген тәртiппен өтiнiш беруге тиiс. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін заңнамада жеделдетілген тәртіппен электрондық тіркеу көзделген, ол құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүргізіледі. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш иесінің қалауы бойынша, тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.  

Жуаныш АСАНБАЕВ,

облыстық әділет департаментінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар