Қылмыс хроникасы

Қылмыс хроникасы
ашық дереккөз
Қылмыс хроникасы
АММОФОС ҰРЛАҒАНДАР ҚОЛҒА ТҮСТІ Өңірімізде белгісіз адамдардан құралған қылмыстық топ «Шайқорық» теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс, жақын шетелдерге және еліміздің өзге өңірлеріне экспортталатын «Қазфосфат» кәсіпорны өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған. Қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен серіктестікке келтірілген залал көлемі 80 миллион теңгеден асады. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ірі көлемдегі және адамдар тобымен бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Іс-шаралар кешенін өткізу барысында Тараз станциясындағы жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері аталған өндіріс орнының қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, «Шайқорық» станциясында «Газель» маркалы екі автокөлікпен вагондардан ұрлық жасау барысында 8 адамнан құралған қылмыстық топты құрықтаған. Олардан 5 тонна 700 килограмм аммофос, 2 көлік құралы және шаруашылық заттары тәркіленген. Қазіргі таңда ұсталғандар кінәсін мойындап отыр. Жалпы, тергеу барысында күдіктілердің «Шайқорық» станциясында ұзақ уақыттан бері ұрлық жасағаны анықталған. Қылмыстық топ жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын осыған ұқсас 8 дерек бойынша айыпталуда. Бүгінде полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс-шараларын жүргізу үстінде.   ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНАН АСА ІРІ МӨЛШЕРДЕ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 45 жастағы азамат құрықталды. Бұл жұмыстарды облыстық полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қалалық прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп жүргізген. Осылайша, тінту барысында күдіктінің киімінің қалтасынан 6 орам және үйін тінту кезінде тағы 10 орам – 1,065 грамм «героин» есірткі заты табылып, тәркіленген. – Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деді полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.   ЖОҒАЛҒАН 46 БАС ЖЫЛҚЫ ТАБЫЛДЫ Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің ешкім ұрламаған малды іздеумен айналысқаны белгілі болып, олардың жоғалып кеткені анықталды. Жылқылар жайылымның өзге жақ бетінде жайылып жүрген жерінен табылды. Тәртіп сақшылары малды заңды иесіне қайтарды. Ауыл тұрғындары шұғыл шаралар қабылдап, жоғалған малды жедел тапқан полицейлерге алғыс білдірді. Полицейлер барлық мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ малды қадағалаусыз жіберу малдың ұрлануына немесе жануарлардың өз бетінше кетуіне қолайлы жағдай жасайтынын ескертеді. Ал, қараусыз өз бетінше еркін жайылған төрт түлік жүйткіген көлік жолына шықса, салдары ауыр зардапты жол-көлік оқиғасына әкелуі әбден мүмкін.   ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫН ҰРЫП-СОҒУ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛМАДЫ Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілердің бірінде тараған бейнежазбада Өзбекстан Республикасының азаматы өзін Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылында жергілікті тұрғындар мәжбүрлеп еңбекке жеккені жөнінде айтқан болатын. Өңірлік полиция департаменті кірпіш зауытының жұмысшысын ұрып-соғу туралы бейнежазбаға түсініктеме берді. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде аталған азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Белгілі болғандай, ол осы жылдың шілде айында Байзақ ауданындағы кірпіш зауытына жұмысқа орналасқан. Тексеру барысында бетінде, денесінде ешбір жарақат белгілері табылмаған. Ер адамның айтуынша, осы жылдың наурыз айында ішімдік ішу кезінде абайсызда жарақат алған және бейнежазбаны Өзбекстанда тұратын досына «WhatsApp» мессенджері арқылы жіберген. Азаматқа қатысты ұрып-соғу және еңбекке мәжбүрлеу дерегі анықталған жоқ. Бейнежазбаны мас күйде жіберген себепті, ол бұл әрекетінің себебін түсіндіре алмады. Қазіргі уақытта жұмыс берушісіне немесе басқа адамдарға ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар