Сағыныштан туған сурет
Біз Бауыржан Момышұлын батыр деп білеміз. Алайда, батырдың біз білмейтін қырлары қаншама десеңізші! Оған біз Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мемориалдық музейге барғанда тағы да көз жеткіздік. Батырдың өміріне қатысты құнды мұралармен аталған музейдің экскурсоводы Айдана Шораева таныстырып өтті. Бауыржан үш жасында анасынан айырылған. Анасы Разия есінде еміс- еміс қана қалған. Оқушы Бауыржан Шымкент қаласында 7-сынып оқып жүрген кезінде анасының суретін қара қарындашпен салып, аяулы адамына деген сарқылмас сағынышын білдірген екен. Батырдың анасына деген сағынышын айғақтайтын суретті келіні Зейнеп Ахметова сақтаған. Мүмкін, бұл суретті батырдың өзі ұзақ жылдар бойы сақтап, келініне естелікке қалдырған шығар. Бәлкім, сұрапыл соғыс жылдарында батырға осы сурет серпін сыйлап, қоржынында жүрді ме екен...
– Бізге бұл суретті музей ашылғанда батырдың келіні Зейнеп Ахметова табыс етті. Шамамен 1924 жылдары салынған сурет музей үшін аса құнды. Батырдың отбасында бұл суреттің жоғалмай, ұзақ сақталуы да жәдігердің ерекше құнды екенін байқатса керек. Біздің музейде батырдың немере інісі, танымал журналист Бекет Момынқұлов та жиі болады. Ол кісінің де айтары көп, – дейді Айдана Шораева.
Баукең ақ қағаз бетіне түрлі ою- өрнектер салуды да ұнатқан. Әр ою- өрнегіне бірнеше мән-мағына сыйғызған. Батыр әр оюының астына оны салған уақытын да жазып отырған.
Батырдың бұл мұралары жас ұрпаққа үлгі, баршамызға үлкен олжа.
Есет ДОСАЛЫ.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді