Биікті бағындырған Заңғар
Қазаққа тағылымды жол көрсетіп, ізгілікті нұсқаған хакім Абай – баршаға бағдаршам. Сондықтан да, хакімге арналған барлық іс-шараның маңызы зор. Әсіресе, оқушылар арасында кезең-кезеңімен өтетін «Абай оқулары» байқауының мәні бөлек. Биыл Абай облысында хакімнің кіндік қаны тамған жерде өткен «Абай оқулары» байқауында жамбылдық Заңғар Сәтберген жеңімпаз атанды. Ол Талас ауданы, Бостандық ауылдық округіндегі Алғабас орта мектебін биыл бітірген болатын. Сегізінші сынып оқып жүрген кезінен өлең жазуға машықтанған Заңғар аталған байқаудың аудандық, облыстық кезеңдерінде жеңімпаз атанған. Енді міне, Абай Құнанбайұлының ауылынан да бірінші жүлдені иеленіп отыр. Заңғар бұл байқауда «Өлеңге әркімнің де бар таласы...» атты аталымда Абайға жазған мазмұнды арнау өлеңі үшін олжаға кенелді. Заңғар қазіргі таңда Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті.
– Бұл жеңісім үшін өте қуаныштымын. Осы сәтті біраз жылдан бері күттім. Мектептегі ұстаздарыма, ата-анама, достарыма алғыс айтамын. Бұл жеңіс – мені қанаттандырды. Әйгілі Абай атамыздың ізі қалған топырақты басу, Жидебай аймағынан жеңімпаз болып қайту – үлкен сәттілік деп білемін. Енді осы жеңіс жолын университетте жалғастырғым келеді, – дейді Заңғар Сәтберген.
Есет ДОСАЛЫ.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді